Білім • 11 Қазан, 2018

Ұстаздар да, оқушылар да сенімді - Ғаждембек Тұрсынов

704 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын орталық мамандары бәрімізде де оқып шықтық.  «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады» -деп атап өтті Елбасы.

Ұстаздар да, оқушылар да сенімді - Ғаждембек Тұрсынов

Яғни,осы күннен-ақ, жалпы білім беретін орта мектептердің өзінде оқушыларды сұранысқа ие мамандықтарға қарай бейімдеп, кәсіби түрде  оқыту қажеттігі байқалды. Сонымен бірге, келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау жайлы айтылды. Бұл әрине, біздер мұғалімдер ортасы үшін өте жақсы жаңалық деп ойлаймыз.

Мысалы, біздің орталық дарынды, қабілетті оқушыларға қосымша білім беретін өңірлік орталық ретінде  қызмет етіп келеді. Алғашында  2000 жылдары аймақтық ғылыми- тәжірибелік орталығы деп аталды. Қазір біздің орталықты олимпиадалық резерв мектебі, «Жоғары Зияткерлік Академиясы» атты қосымша білім беретін, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен жұмыс жасайтын орталық деп таниды. Облыстағы дарынды оқушылардың 1-ші слеті, 1-ші облыстық зияткерлік марафон өтті. Ауыл балаларын зияткерлік сайыстарға дайындау мақсатында «Ғалым» кеңес орталығы ашылды. Жыл сайын облыстық ғылыми жобалар сайысы өткізіледі. Мектеп директорлары Ассоциациясы құрылды. Осы жылдар аралығында 5-6 сынып оқушыларына арналған  облыстық кешенді олимпиада, бастауыш сынып оқушыларына арналған І облыстық математикалық туринр,7-8 сынып оқушыларына арналған І аймақтық жас математиктер турнирі, 10-11 сынып оқушыларына арналған Әбікен Бектұров атындағы І Халықаралық химиялық олимпиадалары өткізілді.

Өткен  оқу жылы біздің өңірдің оқушылары Халықаралық деңгейдегі әр түрлі олимпиада және ғылыми жоба конкурстарындағы алған  медальдар саны – 48,  13 алтын, 14 күміс, 21 қола!   Білім саласындағы бұл жеңістеріміз, жүлделеріміз әлі де жалғасады  деген сенімдеміз

біздің мақтанышымыз.  Ал,  Жолдауда мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі айтылды. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. болады.

Жалпы, балалардың  технологиялық паркі мен бизнес-инкубаторын ашу жайын келсек-біздің облыс дайын. Жалпы орта білім беру мектептерінде математика және жаратылыстану бағытында білім беріледі. Сондықтан, облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен  жеті жыл қатарынан 7-8 сыныптарға арналған жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасы өткізіліп келеді. Оқушылар арасында туған жер-өлкетану бағдарламасы аясында  Е. Бекмаханов атындағы тарих және өлкетану турнирі ұйымдастырылуда. Өңірдегі барлық мектептерде робот техникалары мен шахмат кабинеттері ашылған.

Жаңа стандарттар бойынша білім беру жағдайында ұстаздар облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде арнайы біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. Заман жаңа технологиялар мен робот техникасы дамыған дәуір. Олай болса, заман жаңалығымен бірге біз де өзгеруміз қажет. Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі өзгерістерге сай болу үшін  білім деңгейін арттыруды мектепке дейінгі мекемелерден бастау керектігін айтты.

Себебі, ертең мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер  бастауыш сыныпқа бейімделіп кету үшін қазіргі күннен бастап балалардың өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамыту қажет. Осы күні мектептер  жаңа оқулықтармен,  бағдарламалармен жұмыс істеуде. Білімді  ұрпақ-еліміздің болашақ  мамандары. Міне, Жолдауда айтылған келелі мәселелер болашақ  ұрпақ үшін- біздің білім беру саласына жаңа заман талабына сай  қажет-өзгерістер деп ойлаймын.

Ғаждембек ТҰРСЫНОВ,

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім

беру оқу-әдістемелік орталығының директоры

Павлодар облысы