Бірлік пен бейбітшілік жаршысы

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі мәресіне жетіп, жиынның қорытынды құжаты – Декларация қабылданды. Биыл «Діни лидерлер – қауіпсіз әлем үшін» деген тақырыппен өткен жиынға 42 елден құрамында беделді діни көшбасшылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері бар 80-нен астам делегация қатысты. Халықаралық шарада ислам діні саласы бойынша 20-дан аса, христиан діні саласы бойынша 15-тен аса құрам және иудаизм, индуизм, даосизм, буддизм, зороастризм, бахаи және көптеген діни бірлестіктер өкілдері Съезде белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.

Егемен Қазақстан
12.10.2018 1813
2

«Бейбітшілік қабырғасы» жанында құлшылық жасады

Бас қаламызда 2003 жылдан бастап үш жыл сайын өткізіліп келе жатқан жиын бұл жолы жоғары деңгейде өтті деуге толық негіз бар. Съездің алғашқы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің және жекелеген аймақтардың алдындағы жаңа заманға тән қауіп-қатерлерді атап, ғаламды құтқару жолдарын, негізгі қиындықтарды екшеп берген болатын. Съездің екінші күні әрбір сөйлеуші ойларын Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасынан үзінді, мысал келтіре отырып түйіндеді.

Жалпы, Съездің екінші күнін дін көшбасшылары «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің жанында жер бетіндегі бейбітшілік үшін дұға жасаудан бастады. Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығының директоры Айдар Әбуов «Бейбітшілік қабырғасының» Қазақстанның ядролық полигонын жапқанын ғана емес, әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартқанын айғақтайтыны туралы айтып берді. Монумент тарихтағы қайғылы оқиғалардың зардаптарын ұмытпай, жер жүзіндегі бейбітшілік пен ынтымақты қастерлеуге үндейтіндігін еске салды. 

Қорытынды құжат бірауыздан қабылданды

Қазақстан Сенатының Төр­ағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хат­шы­лығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы айтулы жиынды қорытындылау сөзін барлық делегациялардың бас­шылары мен қонақтарына, ха­лықаралық ұйымдардың жоғары өкілдеріне алғыс айтудан бастады. Олардың Съезд жұмысына белсене қатысып, сындарлы үлес қосқанын атап өтті. 

– Съездің жалпы және сек­циялық отырыстарында қауіпсіз әлемді нығайтуға және руха­ният пен діни дәстүрлердің рөлін арттыруға бағытталған құнды бастамалар көтерілді. Осы сипаттағы қарым-қатынастар өз жалғасын табатынына және ны­ғая түсетініне кәміл сенемін. Съездің түпкі мақсаты да осыны көздейді. Барлық конфессия өкіл­дерінің белсенділігі мен өза­ра іс-қимылдары қар­қынын жоғалтпауы тиіс.

Форум барысында ашық ай­тылған мазмұнды ой-пікірлер мен ұсыныстарды терең зерделеп, ой елегінен өткізу қажет. Әлемнің жаңа бейнесіне қатысты ортақ көзқарас пен өзара түсіністік бар екендігіне көз жеткіздік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Сенат Төрағасы Ас­та­надағы айтулы жиынға әлем назар аударып отырғандығын да жет­кізді.

– Бүгінде Съездің шынайы алаңы – Астана ғана емес, бар­ша әлем қоғамдастығы. Себебі бүкіл әлемде әр алуан дінді ұс­та­натын адамдар Қазақстанның елор­дасындағы кездесуге зор үмітпен көз тігуде.  Ұрыс-жанжал мен үрей­ден қажыған миллиондаған адам бейбітшілікті, тыныш­тықты, тұрақтылықты қалайды. Халықтар шын мәнінде, бітім­гершілікке зәру екені анық. 

Бүгін осы залда отырған дін жетекшілері, белгілі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың басшылары өз мемлекеттері мен халқына VI съездің қоры­тын­дыларын жеткізеді деп үміт­те­немін. Декларацияның негізгі ше­шімдерін азаматтық қоғамның барлық деңгейдегі институттары арқылы сіздер белсенді түр­де насихаттайды деп сенемін. Делегация басшыларына, VI съез­дің барлық қатысушылары мен қонақтарына бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы жауапты қызметтері үшін және Съездің ізгі идеялары мен баста­ма­ларын ілге­рі­летуге қосқан қо­мақты үлесі үшін  алғыс айтамын, – деп сөзін түйін­деді Қ.Тоқаев.

Бұдан соң VI съездің тарихын­да қалатын тағы бір оқиға болды. Ол – 20 мың данамен айна­лым­ға енгізілетін пошта маркасы. Мар­каның үлгісін ортаға Қо­ғамдық даму министрі Дархан Кале­таев пен «Қазпошта» АҚ бас­қарма төр­ағасы Сәкен Сәрсенов ортаға алып шықты. Маркада Съездің лого­типі, Бейбітшілік және келі­сім сарайы, зәйтүн ағашының бұ­­тақ­­тары мен бейбітшіліктің сим­­волына айналған көгершіндер бей­­неленген. Сондай-ақ қазақ жә­не ағылшын тілдерінде «Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының VI съезі» деген жазу бар. 

Мазмұнды төрт тақырып

Иә, Съездің екінші күні негіз­гі талқылаулар, баяндаулар, пікір­таластар мен сөз жарыстары Тәуел­сіздік сарайында қызған еді. Ұйым­дастырушылар ұсынған тақы­рыптардың мазмұнын оның атауларының өзі ашып тұрды.

Мәселен, «Әлем. ХХI ға­сыр» манифесі жаһандық қауіп­с­із­­дік тұжырымдамасы ретін­де, «Құбылмалы геосаясат жағ­­да­­йын­­дағы діндер: адамзатты бірік­­тіруге арналған жаңа мүм­­кін­діктер», «Дін және жаһан­дану: сын-тегеуріндер мен жауап­тар», «Діни көшбасшылар мен сая­си қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында». Бұл жиындар өткен атшап­тырым залдарда ине шаншар орын болмағандығын да атап өткен жөн. Сөз басында айтқа­нымыздай, Елбасының бір күн бұрынғы саяси сындарлы сөздерінен қуат ал­ған діни қай­рат­керлер ойларын ашық айтып, неғұрлым белсен­ділік танытты.

Қай жағынан қарасақ та қазіргі кезеңде әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық ахуал едәуір өз­герістерге тап болып отыр. Әлем­нің көпполярлы құрылымы көп­теген геосаяси факторлардың әсері­мен қалыптасуда. Халық­аралық қатынастарда шиеленістер де үдеп барады. Соның салдары­нан қай дінді болмасын халық­аралық дауларды өршіту, тер­ро­ристік ұйымдардың әрекеттерін қолдау, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу үшін пайдалануда. Қазақстан әлемнің зұлымдықпен шырмалған тұ­сын­да қоғамдық-саяси сахнада сын-қатерлерге қарсы тұрудың амалдарын ұсынып келеді. Сондай шаралардың бірі де бірегейі – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі. 

Православия парламент­ара­лық Ассамблеясының пре­зи­денті, Ресей Федералдық жиналысы Мем­­лекеттік Думасының депу­та­ты Сергей Гаврилов: «Қазақ­стан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев­­тың бастамасымен Аста­нада кезек­ті рет адамзат баласы үшін тағ­дыршешті кезеңде бас қо­сып отырмыз. Шын мәнінде біз қа­уіп-қатердің небір түрін, нәсіл­шілдікті, экстремизм мен терро­­ризмнің өктемдігін, босқан бос­қын­дарды, миллиондаған аш-жа­лаңаш адамды көріп отыр­мыз. Бұл жағдайлар адамзат да­муын ондаған жылға кейін ше­геретінін сезінеміз. Оны халық­аралық құқықтардың бұзылуы­ның, мемлекеттердің ішкі ісі­не араласуының, жастардың кү­ші­мен жүзеге асырылып жат­қан төңкерістердің салдары деп са­най­мын. Сондықтан да Ас­тана съезі жоғарыда аталған мәсе­лелер­ді шешудің тиімді алаңы деп есеп­теймін. Өйткені дін көш­бас­шы­лары – бізге қа­жетті се­німді қалып­тас­тыра ала­тын күш. Ал сенім негізінде әлем­дік дін көшбас­шылары қалып­тастырған қоғам­ның іргетасын нығайта тү­суге болады» дейді.

Ал Дүниежүзілік Ислам Ли­гасы Бас хатшысының кеңесшісі (САК) Мункиз Махмуд Ас-Сакар да әлемдік қоғамдастықтың, оның ішінде дінбасылардың бей­­біт­шілік жолындағы іс-қимы­лының әлсіздігін ашып айтты. 

– Әлемдегі көптеген зұлым­дықтың астарын діннен іздейтін жаңсақ, сыңаржақ ойлармен келіспеймін. Жер бетіндегі со­­ғыстар осыдан бес мың жылдай уақыт бұрын басталған. Сол кезде де, қазір де соғыс өрті шикізатқа талас, кек алу, трансұлттық ком­паниялардың шатақтарынан бас­тау алып келді. Әрине дін­дар­лар да таза болды деп есепте­меймін. Жаңа замандағы қауіп-қатерлерді кешегі отырыста Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нақты әрі ашық айтып берді. Әлемдік деңгейдегі бас­шының сөздеріне толық қо­сы­ламын. Әлемде қазірдің өзін­де соғыс өрті өршіп тұр. Әр­бір со­ғыста мыңдаған адамдар опат болып, мыңдаған адам­дар баспа­насыз қалуда. Халық­аралық қоғам­дастық жаңа заман­дағы жетіс­тіктерге қарамастан, сол со­ғыс­­тарды тоқтатуда дәр­мен­сіздік та­нытуда. Ғалымдардың өзі қа­жет­ті тетіктерді таба алар емес. Оның үстіне, біз – дінба­сы­лар бейбітшілік жолындағы өз мін­дет­терімізді, парызымызды толық орындап отырмағанымызды мо­йындауымыз керек. Қазір адамзатты адамшылыққа жетелейтін рух бере алмай келеміз. Демек енді Астана жиынынан соң біздер әлемді тығырықтан шығарар жолды ұсынуымыз керек. Қазіргі жағдайда тек діни көшбасшылар ғана қиындықтың күрмеуін шешер кілт таба алады, – деді ол.

Сарапшылар жоғары баға берген Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» манифесі – жауапкершілігі мол мемлекет пен оның саяси көшбасшысының айқын дауы­сы дейді Бразилиядан келген «UniaoPlanetaria» үкіметтік емес ұйымының президенті, «TV-Supren» телеарнасының жетекшісі Улиссис Ридель де Ресен.

– Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев әлемдегі бей­біт­шілікті қалыптастыру үшін бел­сенді қызмет етіп келеді. Мем­лекет басшысының сұңғыла сая­саты, бейбітсүйгіштік қасиеті, салмақты қадамы – көп елдерге үлгі. Қазақстан – 100-ден аса этнос өкілінің тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан берекелі ел және дінаралық, ұлтаралық татулықтың ұстаханасына айналды, – деді ол. 

Улиссис Ридель де Ресен өз сөзінде елімізде 2009 жылы өткен дәл осындай съезге қатысып, нәти­жесінде португал тілінде «Руха­ни экология» атты кітап жазға­нын мәлімдеді. Оның ағылшын тілі­не аударылған бір данасын Бей­біт­шілік және келісім сарайының кітапханасына тарту ету үшін ала келген екен. 

Жалпы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің нәтижелері әлемдік саяси сахналардан көрініс табады. 

Ал бұл жолғы жиын қатысу­шы­лардың Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында өткен салтанатты концертті тамашалап, «Нұр Әлем» болашақ музейіне баруымен аяқталды. 

Келесі съезд 2021 жылы Ас­та­на қаласында өтетін болып келі­сілді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу