Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Қостанайда сегізінші Азаматтық форум өтті

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтық қоғам және мемлекет: ынтымақтастық, жауапкершілік, диалог» атты Азаматтық форум облыста сегізінші рет өткізілді. Оған қатысқан өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, ұйымдар өкілдері, қоғамдық белсенділерімен қатар Қоғамдық даму министрілігінің өкілі Қайрат Баймолдинов, Қазақстан Азаматтық қоғам Альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұлттық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Оралова қатысып, күні бойы жұмыс істеді. Түске дейін диалог алаңдарында пікір алмасу болды, министрлікке, Азаматтық альянсқа олардың өкілдері арқылы ұсыныстар жасалды.

Қостанайда сегізінші Азаматтық форум өтті

Қостанай облысы мемлекет пен азаматтық қоғамның ынтымақтаса жұмыс істеуі жөнінен республикада алдыңғы қатардан көрініп келеді. Қазір облыста 101 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 609 ұйым белсенді жұмыс істейді. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев форумның пленарлық мәжілісінде қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы мемлекет саясатының басты ұстанымы екенін айтты.

– Қазақстан егемендігін алғаннан күннен бастап, халықтың әл-ауқатына басты көңіл бөліп келеді. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдар әріптестігі жақсы дамып келеді. Бүгінде облыста әкімиаттар құрылымдары мен қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі 17 бағытта кеңейіп отыр, –деді Марат Қонысбайұлы.

Облыста Азаматтық форум енді екі жылдан кейін өтетін болады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай