Сөз сойыл №68

Егемен Қазақстан
12.10.2018 3311
2

Қарымды қаламгер Қалтай Мұхамеджанов шығармашылық жолын М. Горкийдің «Тоғышарлар», С. Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан бастаған. Сатиралық уытты тілмен көмкерілген «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті» мен «Қуырдақ дайын» пьесалары кезінде театрлардың мақтанышына айналса, Шыңғыс Айтматовпен бірлесе жазған «Көктөбедегі кездесу» шығармасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Ал сол сатира саңлағы Қалағаң айтқыштығыменде көптен қара үзіп дара тұра білді. Біз соның бірер парасын ұсынуды жөн көрдік.

                                           

Өзің тоймағанмен, көзің тояды

 Жарықтық кеңес өкіметінің тұсында біз не көріп, не білмедік. Қайта құру жылдарының қызық-шыжығын да бастан өткердік. Сондай бір көп шырғалаңның кезінде Алматыда ет құрып кетеді. Арада апта өтеді. Ет жоқ. Өзге жұрт консерві, көкөністі талғажау етіп жатқанда, тәулігіне тісіне бір рет ет тимесе тұра алмайтын қазақтар ет іздеп табанынан таусылады. Сондай күндерінің бірінде Қалағаңның бір жолдасы кездесіп қалады да:

– Қалеке, етті неғып жатырсың? – дейді.

– Құдайға шүкір, үйімізде ет бар. Ертелі-кеш қатын, бала-шағаларымызбен оны тоңазытқыштан аламыз да, бір-бір жалап, орнына салып қоямыз, – дейді Қалекең шын көңілден. Сосын жолдасына бұрылып тұрып:

– Ерінбесең, сен де келіп жалап кет, – деп өз жөнімен жүре береді...

Содан бірер орам өткеннен кейін алдынан тағы бір досы жолығысады. Жаңағы сауал тағы қайталанады. Мұндайда Қалағаң қиналған ба:

– Әлгі мың болғыр Хайдолла бар емес пе? «Қайнардың» директорын айтам... Сол жолбарысың «Қазақтың ұлттық тағамдары» деген кітап шығарыпты. Ғажап! Іші толған қазы мен қартаның суреті. Мен оқтын-оқтын қатын-балама соны көрсетемін де, енді осыған риза болыңдар деймін. Әй, сен ет іздеп сабылғанша, соның біреуін сатып ал, өзің тоймағанмен, көзің тояды, – дейді.

Маркстің сақалының арасында алпыс жыл адасқаннан...

Мәдениет министрлігінде жүрген кезінде Қалекең қызметке келсе есік алдында бір жақсы танысы оны күтіп тұр екен.

 Бөлмесіне кірді-ау дегенде жаңағы танысы бас сұқса, Қалағаң төрдегі қабасақал көсемнің портретін жаңа көргендей қарап тұр екен. Танысы салған жерден:

– Қалеке, бір пьеса жазып едім. Сол құрымағырдың финалы шықпай... сізбен ақылдасайын деп келіп едім, – деп сөзін бастай бергенде:

– Бауырым, мына Маркстің сақалының арасында алпыс жыл адасып жүрген ағаң нендей ақыл беріп жарытады дейсің, – депті жай ғана бейтарап үнмен.

Қазақ сахарасындағы жалғыз дара туысым

– Дінмұхаммед Қонаев 1983 жылы мені кабинетіне шақырды. Ертесіне секретариатта менің мәселемді қарамақшы. Себеп біреу – үстімнен арыз көп түскен. «Жақын туыстарын қызметке көбірек алады. Өйтеді, бүйтеді...» – деп Қалағаң бірер әңгімелерін айтқаны бар. – Димекеңмен әңгімелесіп отырып қалдық. Әңгіме аяғында сөз әлгі арызға ауысқан тұста: «Осы Қалтай, сен қай жүзге жатасың?» – деді. «Димеке, менің оңбай жүргенім сол, ешбір жүзге жатпайтыным». «Сонда сен кімсің?» «Қожамын». «Осындағы ең жақын туысың кім?» «Морис Симашко». «Қалай?» «Жақындығым – Ыбырай пайғамбардың Сара деген қатынынан – Симашконың аталары, Ажар дейтін қатынынан – арабтар, біздің ата-бабаларымыз туған» дедім.

Қатындардың арқасында қызметті болып қалғаным

– Жазушылар одағының екінші хатшылығы қызметінен кетейін деп жатқан кезім. 1984 жыл. Дінмұхамед Қонаев қабылдауына шақырды.

– Қалтай, сен, анау, әлгі, Олжас екеуің басың піспей жүр екен. Сені басқа қызметке ауыстырайын. Анау, Кинокомитеттің бастығы Ләйлә Ғалымжановаға орынбасар болып барсаң қайтеді?

– Ой, Димеке, мен екі қатынға қатар қалай орынбасар болам? – дедім.

Димекең күлді.

– Ол қалай, екі әйелге бірдей орынбасар болатының?..

– Енді, Димеке-ау, үйге барған кезде келініңізге орынбасар, жұмысқа келгенде Ләйләға орынбасар болғанда менен не қалады? – дедім.

Димекең сол жымиған қалпы:

– Онда ертең хабарласшы, – деді.

Ертеңіне, сөйтіп, мен Қазақстан Кинематографистер одағына бастық болып тағайындалдым.

Аяғымды бетіме басқаны бар...

– 90-ншы жылдың басқы кезі. «Заман-Қазақстан» деген газет пен «Ара» атты журналға тел редактормын. Сол тұста бір аяғымды ақсаңдай басып, сылти қалғаным. Кезіккенде бір құрдасым айтты: «Ай, Қалтай, бірі – ауру, бірі – сау андағы аяқпен ұжым, ұйым басқару қиын ғой, біреуін бізге берсеңші. Не газетті, не журналды» деді... Сосын мен айттым: «Бермеймін сендерге. Екі аяғы жоқ Рузвельт Американы 10 жыл билегенде, тулақтай бір газет пен тоқымдай бір журналды басқара алмайды дейсің бе бір аяқпен».

Бәйгені бұрын алғанмын

Жамбыл атындағы сыйлықты Қазақстанда алғаш болып алған Хамит Ерғалиев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов бір отырыста көбірек мақтанып кеуде керсе керек. Екі қазақ мақтанғанда, үшіншісі қалай тиыш отырсын? Оның үстіне дастарқандас кісі қалжыңбас Қалағаң болса.

– Тасып қал, қазақтар, – деп күледі, Қалағаң әдеттегідей мұрнын бір қозғап қойып: – Жәкем сыйлығын бірінші болып алған біз де отырмыз ғой үндемей.

– Әй, сен ондай сыйлықты қашан алып ең? – деп шаншыла қарайды Хамаң.

– Соғыстан бұрын мектепте Жәкеңнің бір өлеңін нәшімен оқып, бәйгеге тақта шәй, жарты килә қант алған болатынмын, – депті Қалағаң қысылмастан.

– Бәсе, бізден бұрын кім алды деп қорыққанымды қарашы, – деп Хамаң сабасына түссе керек.

Құйрығы бар адам

Қалағаң Зейнолла Қабдоловтың 70 жасқа толуына байланысты онымен бөлмесінде телефонмен сөйлесіп отырса керек.

– Зеке, сен туралы мақала жазуды Қалиханға тапсырдым. Өйткені оның құйрығы бар ғой.

– Құйрығы несі? – десе керек, арғы жақтан Зекең.

– Ау, академик басыңмен соны да білмейсің бе? Қалихан лауреат емес пе. Лауреаттың фамилиясының соңында бір құлаш «құйрық» болмай ма?..

Бізге тек масақтары ғана қалады

Бір құрметті дастарқан басында бірсыпыра атақты адамдардың бастары қосылып қалады. Алдымен үлкендердің өкілі боп Хамит Ерғалиев сөйлейді де, одан кейінгі сөзді Қалағаңа береді. Сонда Қалағаң:

– Біздің Хамаңдар сөздің комбайны ғой. Ол кісі жүріп өткеннен кейін бізге тек масақтары ғана қалады ғой, – деген екен.

***

Жалқау

Өсек десе,

бермей есе

Аузы-аузына жұқпайды.

Еңбектен қашып,

Етегін басып

Әйеліне ықтайды.

Қорқыныш

Өтірікшінің сөзінен қорқамын

Тайғанақтап тұратын.

Жымысқының көзінен қорқамын,

Қарсы келмей ығатын.

Әдет

Шопан болды,

Қой ұрлады.

Ақын болды,

Ой ұрлады.

Қанына сіңген әдет

Қайда жүрсе қойылмады.

«Арман»

Сыра ашып тұрса,

Арақ ашық тұрса.

Коньяк көпіріп тұрса,

Самогон өкіріп тұрса.

Жаман ағаң жанында

Кекіріп тұрса...

***

Бар арман осы болды ағамызға

Ойлайықшы, азғындап барамыз ба?

Ысмағүл ЖҮНІСҚАНҰЛЫ,

АҚТӨБЕ

Сипағанды білмеген сиыр

Жаңадан  сайланған бастық – жас  пері фермадағы ата кәсіптен   қалыптасқан үрдіс-үлгіні тәрк етіп, бәр-бәрін, ғылыми негізде жаңадан бастауға құлшына кірісті.

Бір жорналдан оқығаны бойынша, алдымен мал тұрағына эстетикалық сән беру керек деп шешті де, сиыр қораның қабырғасын түрлі-түсті сәнге бояп, өзінше өрнектеп өзгеше етті де, ұзыннан ұзақ орта жолға түгі жылтыр төсеніш төсетіп тастады.

Е, несін айтасың, сиыр екеш сиыр да бұл көз жауын алар жалт-жұлтқа  өзгеше қарап,  бір түрлі кербез қимылмен кердең қаға   кіріп   шығады.   Түрлі-түсті   қабырғаға   көз   жанарын    төңкере «Әп, бәрекелді!» дегендей мөңіреп қояды.

Дегенмен, әзірше бұл өзгешелікке бола сүт  молая қойған жоқ. Ферма бастығы бұнымен тоқталмай, тағы бір жорналдан оқығаны бар: сиыр қораға деп гүл тектес өсімдіктердің нешеме түрін алдыртып, әр-әр жерге түп тамырын топырақпен көмкерді де тастады. Сән-салтанатқа бөленіп, қора ішінен жұпар иіс аңқып тұрса да, ағыл-тегіл ағытылған сүт ағыны байқалмады.

Жас  пері  тағы бір жорналдан түйгені бойынша, қораның  кірер  басы мен түп қуысына радиомагнитофон орнатып, небір әуезді   ән-күйді тамылжыта шырқатып қойды. Ал осы бір іргелі іске деп сатып алдыртқан нән роялды орта тұсқа ойып орнатып, оны ойнай алатын маманды аудан орталығынан алдыртып, күніне бес мезгіл симфониялық әуезді қалқытты . Бірақ сиыр біткеннің жүріс-тұрысында мипаздық байқалып, әуезге елти құлшына күйіс қайырғанымен, жасалған жаңалықтарға тосырқағандықтан болар, берер сүт шамасы бұрынғысынан күрт азайып кетті...

Бұған бұлқан-талқан болған жас маман, ғылыми негіздегі заманауи жаңалықтың бәр-бәріне қолды бірақ сілтеп, сипағанды білмес сиырға ата кәсіптен қалыптасқан үрдіс-үлгі бойынша алдына құшақ-құшақ көк шөп тастап, сатып алған роялдан науа жасап, оған жемнің екі-үш түрін толтырып, бір уақ сыртқа шығарып, жайылтып бұлақ суымен суғарып еді, ертесіне-ақ сүт шіркін ағыл-тегіл ағытылып ыдыс-аяғына сыймай асып-төгілгені бар...

Аркадий ИНИН

Қожанасыр хикаялары

Әйелі қайтыс болып, Қожанасыр бір жесір қатынға үйленеді. Қожа үнемі марқұм болған әйелін, ал қазіргі әйелі марқұм күйеуін естеріне алып таласа мақтайды екен. Бір күні тағы да олар төсекте жатып бұрынғы өз жұбайларын кезек-кезек мақтай бастайды. Кенет әлденеге ерегісіп қалған Қожа әйелін итеріп қалып, еденге ұшырып түсіреді. Әйелі өкпелеп, шағым айтып әкесіне барады. Қайын атасы Қожадан не болғанын сұрапты. Сонда Қожа:

– Бұған мен кінәлі емеспін, – дейді ақталып, – біз төсекте төртеу едік: мен, менің бұрынғы әйелім, сіздің қызыңыз және бұрынғы күйеуі. Төртеумізге бірдей төсек тарлық етті де, қызыңыз өзі құлап қалды.

***

Бір күні Қожанасыр әйелі екеуі тамақтанып отырыпты. Әйелі бір кезде ыстық сорпадан асығыс ұрттап қалып, аузы күйгеннен көзінен жасы шығып кетеді.

– Қатын-ау, не боп қалды, неге жылайсың? – дейді Қожа. Әйелі:

– Марқұм анам осындай сорпаны өте жақсы көруші еді, сол есіме түсіп көңілім босап кеткені, – дейді шылп етпестен.

Сол арада Қожанасыр да сорпадан бір ұрттап, аузы күйіп, көзінен жасы ытқып-ытқып кетеді. Аңдып отыраған әйелі тап беріп:

– Молдеке, сізге не болды, неге жылап отырсыз? – дейді күліп.

– Мен де сен сияқты қызын тастап кеткен аяулы енемнің есіме түсіп отырғаны, – депті сонда Қожа жарықтық.

***

Азық-түлік сақталған шкафқа құмырсқалар кіріп кетіп, Қожа әйелі екеуі әбден әлекке түседі. Жақын арада таусылатын түрі жоқ. Жалығып кеткен Қожа дәрет алып, түскі намазға отырады. Бір-екі сағат өткен соң Қожа тағы да дәрет алып, кешкі бесін намазына отырмақ болады. Әйелі:

– Молдеке, күн сайын бес рет дәрет алмасаң болмай ма? – дейді.

Сонда Қожа:

– Егер сен мына шкафты күтіп ұстамайтын болсаң, онда бізге бес реттен де көп дәрет алуға тура келеді, – деген екен.

***

Жаздың күні түнде Қожанасыр мен әйелі жазық шатырдың үстіне ұйықтамақ болыпты. Бірақ әлденеге аяқ астынан керісіп қалады. Тіпті өршелене бір-біріне қол жұмсауға дейін барады, қызып кеткен Қожа байқаусызда аяғы тайып, шатырдан ұшып түседі. Көршілері шаң-шұңға жүгіріп келсе, Қожа жерде тыриып жатыр, бәрі үпі-сүпі деп есін жиғызады.

– Ау, Қожеке, не болды, қалай құлап жүрсіз? – деп сұрайды одан.

– Менің қалай құлағанымды білгісі келген адам, – депті Қожа, – шатырға шығып әйелімен керісуі керек

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

20.10.2018

Қостанайда зағиптар үшін жол құрылымы өзгереді

20.10.2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

19.10.2018

Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу