Әлем • 12 Қазан, 2018

«Тур де Франс» кубогы ұрланды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тур де Франс» веложарысының жеңімпазының кубогы ұрланды, деп хабарлайды euronews.

«Тур де Франс» кубогы ұрланды

Британдық шабандоз Герайнт Томас жүлдесін демеушілік көрсеткен компанияға берген. Кубок Бирмингемдегі велошоуға басқа екі жүлдемен бірге қойылған: Томас және оның командалық әріптестері осы маусымда барлық үш гранд-тур жарысын жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме аяқталғаннан кейін,   Томастың кубогы бір сәтке ғана қараусыз қалған – сол бойда жоғалып кеткен.

Велошабандоз жүлдесін қайтару туралы өтініш білдірді: оның айтуынша, қолөнер болса да, ол ұрлаған адам үшін көп пайда әкелмейді: техникалық жағынан бұл орташа көлемді хрусталь ваза болған.