Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов алдымен Қытайдың автомобиль шығаратын Hangteng Auto Co. Ltd. компаниясымен келісілген құжатқа қол қойды. Жалпы осы он тоғыз келісімнің арасында «Bio Grain»компаниясы секілді аса ірі инвесторлық жоба да бар. Бұл компания Қостанайда дәнді және майлы дақылдарды жеткізе өңдеп, одан май, жарма, крахмал тағы басқа сұранысқа ие және экспортқа бағытталған өнімдер алатын болады. Хаб Қостанайдағы Индустриялық аймаққа орналасады. Компания келесі жылғы көктемнен бастап, жобаны жүзеге асыруды бастайды. Оның құны 100 млрд теңгеге көрсетіліп отыр. Мемоарндумда мұнан басқа Ресей компанияларымен де екі жақты қол қойылды
Жалпы өткен жылы Қостанайда өткен алғашқы инвестициялық форумға 300 инвестор қатысып, құны 580 млн доллар болатын 26 меморандумға қол қойылған болатын. Олардың барлығы бүгінде жүзеге асып жатыр.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай