Әдебиет • 13 Қазан, 2018

Әдебиет бойынша альтернативті Нобель сыйлығының лауреаты белгілі болды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француз жазушысы, Гваделупаның тумасы Мариз Конде әдебиет бойынша альтернативті Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Әдебиет бойынша альтернативті Нобель сыйлығының лауреаты белгілі болды

Швед академиясына мүше 100 өнер қайраткері 2018 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының берілмеуіне қарсылық ретінде  альтернативті Нобель сыйлығын ұйымдастырған.  The New York Times басылымының хабарлауынша, бұл бәйгенің жүлде қоры миллион швед кронасын немесе 112 мың долларды құрады. Ол "Я, Титуба: Черная ведьма Салема" кітабының авторы, ол XVIII ғасырда Батыс Африкада болған Салемдегі сот процесі кезінде сотталған қара әйел туралы әңгімелейді.

Осы конкурстың финалистері Британдық фантаст Нил Гейман мен вьетнамдық-канадалық новеллист Ким Тьюи болды. Айта кетейік, Швед академиясы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын тапсыру рәсімін 2018 жылдан келер жылға ауыстырған болатын. 

Бұған дейін жапон жазушысы Харуки Мураками  альтернативті байқау номинациясынан бас тартқан. Агенттіктің мәліметтері бойынша, Мураками Швецияның жаңа академиясымен байланыс жасап, өзін 2018 жылғы номинанттар қатарынан алып тастауды сұраған. Ол өз шешімін кітап жазуды жалғастыру және БАҚ назарынан тыс болғысы келетіндігімен түсіндірген.