Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Михаил Бортник пен Манап Көбенов аурухана ұжымымен жүздесті

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Манап Көбенов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, жұртшылықпен кездесулер өткізді. 

Михаил Бортник пен Манап Көбенов аурухана ұжымымен жүздесті

Сапар барысында сенаторлар Павлодар қалалық №1 аурухана ұжымымен кездесіп, Елбасының «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Де­пу­таттар науқастарды емдеу саласында жаңа әдістерді енгі­зу­ге атсалысқан учаскелік дәрі­герлердің еңбекақысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен ұлғаятынын атап өтті. Сондай-ақ олар ме­ди­циналық құжаттарды цифр­лан­дыруға ауыстыру қажет­ті­гіне назар аударды. 

Сенаторлар сонымен қа­тар Успенск ауданындағы «Га­­лицкое» серіктестігінің жұ­мы­­сымен танысты. Кезде­су­де Жол­дауда айтылған мәсе­лелер және елімізге зама­на­уи агро­технологияларды көп­теп тартуға бағытталған агро­өнеркәсіп ке­шеніне мемле­кет­тік қолдау көрсету шаралары талқыланды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР