Қазақстан • 17 Қазан, 2018

Жастарға арналған халықаралық форум өтеді

817 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада 19-20 қазан күндері «Инвестиция – жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. 

Жастарға арналған халықаралық форум өтеді

Елбасының биылғы «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жыл – «Жастар жылы» деп бекітілгені белгілі. Соның не­гі­зінде 19-20 қазан күндері жас­тар мәселесіне арналған халық­аралық жастар форумы өтеді.

Елімізде алғаш рет өтке­лі жатқан бұл форумды Пар­ла­мент ­Мәжілісі, Қоғамдық даму ми­нис­трлігі мен Халық­ты қоныс­тандыру және дамыту жөніндегі Азия­лық ассоциация ұйым­дасты­рады. Форум аясында жастар­дың мүдделері мен құқық­та­рына арналған өзекті мәселелер талқыланбақ. 

Жиында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі Азиялық ассоциа­­цияның төрағасы, Жапо­ния­ның бұрынғы Премьер-ми­нистрі Ясуо Фукуда, Халық­тың қоныстануы және дамуы жө­ніндегі Азия парламентшілері форумының (ХҚДАПФ) төраға­сы Кизо Та­­кеми, Қоғам­дық даму министрі Дархан Кәлетаев және БҰҰ өкілі Ян Мак Фарлейн жас­тар мәселесіне байланыс­ты ой бө­лі­сетін болады. Сон­­дай-ақ әлемнің 37 елінен келген саяси сарапшылар, 200-ден аса мемлекеттік органдар мен халықаралық және үкімет­тік емес жастар ұйымдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасады. 

Жастар мәселесін алға тартқан Халықаралық форум 4 панельді сессия бойынша өтеді. Оның біріншісінде жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мен оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Ал екінші кезекте азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы түйіткілді мәселелері сөз етіледі. Жастардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерге то­лық қатысуы тұрғысында фо­румның үшінші сессиясында айтылады. Төртінші сессия жаһандану жағдайындағы жас­тардың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері сөз болады. Жас­тар мәселесін талқылауға ар­налған бұл сессиялар Жапония, Қырғызстан, Филиппин, Таиланд, Малайзия, Шри-Ланка және Индонезия мемлекеттерінен келген сарапшылардың қатысуымен өтеді. Жастарға арналған тиісті заңнама негізінде жастардың әр түрлі саладағы кедергі келтіретін мәселелерін анықтау арқылы тиімді шаралар әзірленеді. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Мәкеннің айтуынша, Халықаралық жастар форумы аясында арнайы декларация қабылданатын болады. 
«Форум аясында Астана ­декларациясы қабылданады. Форум халықаралық деңгейде өтетін болғандықтан, қабыл­данғалы отырған декларация тек Қазақстан жастары­ның ғана емес, халықаралық дең­гейдегі әр мемлекеттегі жас­тар­ға деген қолдау болады деп есеп­тейміз. Бұл декларация жас­тардың жан-жақты дамуына үлес қосуы керек», деді Б.Мәкен. 

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»