Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

984 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастамасымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық қыз-келіншектер байқауы өтеді.

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

Байқау шартының басты ерекшелігі – үміткердің жас мөлшеріне, кәсіби біліміне, мамандығына шектеу қойылмайды.

Екі күнге созылатын өнер сайысына Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 23 үміткер қатысады.

Роза Айдарбаеваның өзі басшылық ететін қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Кәрима Сахарбаева, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Күлперизат Ұлтарақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Рахат  Мәдіреев, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы қорының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры Абылай Тілепбергенов және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің әртісі Ғалия Қожабергенова бар.

Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы