Теннис • 17 Қазан, 2018

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Мәскеуде өтіп жатқан «Кремль кубогы» жолындағы жарыста ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин сәтсіз өнер көрсетті.

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

АТР тізімінде 73 орында тұрған жерлесіміз тұсаукесер кездесуде Евгений Донскоймен күш сынасты. 28 жастағы Ресей теннисшісін аса мықты қарсылас деп айта алмаймыз. Осы күнге дейін ол «Үлкен дулыға» санатындағы сайыстарда үшінші айналымнан асып көрмеген. Қазіргі кезде үздіктер тізімінде Евгений 105 орынды еншілеуде. Десек те жергілікті жанкүйерлердің қолдауы Донскойға дем берсе керек, ол бұл бәсекеде Кукушкиннан айласын асырып кетті. Есеп – 6:4, 7:6.

Ерлер арасындағы тағы бір Қазақстанның теннисшісі Александр Бублик бүгін кортқа шығады. Ол осы турнирдегі тұсаукесер кездесуін франциялық Пьер-Юг Эрберге қарсы өткізеді. Сондай-ақ бүгін әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваның екінші кезеңдегі ойынын тамашалайсыздар. Жерлесіміз WTA рейтингінде 11 сатыға жайғасқан 28 жастағы Латвияның ойыншысы Анастасия Севастовамен шеберлік байқасады.       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»