Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздік шараларының сапасын арттыру мақсатында аудандар мен елді мекендерде учаскелік полиция пунктерін ашу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды.

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

2014 жылдан бері басталған іске  облыстық бюджеттен 3,3 млрд теңге қаржы бөлінген болатын. Биылғы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жоба мерзімінен бұрын жүзеге асып, аймақ бойынша тұрғын үймен біріктіріліген 100 ғимарат салынды. Яғни, енді алыс аудандардағы тәртіп сақшылары жұмыс орны мен қатар баспанамен де қамтылып отыр.

Тәртіп сақшыларын тұрғын үй және жұмыс кабинетімен қамтамасыз ету өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алып, полиция қызметінің сапасын арттырмақ. Бұл жұмыстар қолданысқа берілген 100 полиция пунктімен тоқтап қалмайды. Жыл соңына дейін тағы 77 нысанның құрылыс аяқталса, келер жылы 43 нысан салу жоспарда тұр. Нәтижесінде, аймақтағы құқық қорғау қызметінің жұмысын жеңілдету үшін бөлінген қаржы толық игеріліп, елді мекендердегі полиция пункттері есік ашпақ. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында 25 учаскелік полиция пункті, Алакөл ауданында  - он тоғыз, Кербұлақта – 14, Ақсу, Ұйғыр аудандарында – 13, Панфилов ауданында – 12, Іле, Балқаш аудандарында – 11, Ескелді ауданында – 10, Көксу, Кеген, Талғар, Райымбек аудандарында - 9, Қарасай ауданында – 8, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында – 6, Қапшағай қаласында – 2 және Текеліде 1 полиция пункті жұмыс істейтін болады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы