Күрес • 17 Қазан, 2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының 13-16 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

Ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келетін 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылар арасынан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді.