17 Қазан, 2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

557 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

Қазақстан республикасы Парламент Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында іссапарда болды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын ел арасына түсіндіру мақсатында ол Мұнайлы және Түпқараған аудандарында болып, халықпен жүздесті. Мұнайлы ауданындағы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының Маңғыстау темір жол бөлімшесі ғимаратында өткен кездесуге ж жұмысшылар және басқа да сала өкілдері жиылды.

Кездесу барысында Б.Шелпеков Мемлекет басшысының  Жолдауында алға қойылған міндеттермен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларында болатын өзгерістер жайлы баяндады. Елбасының білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша берген тапсырмаларын орындау және тұрғын үйдің сапасы мен оған қол жеткізу мүмкіндіктері, басқа да игіліктерді іске асыру үшін жасалуы тиіс жұмыстар талқыланды. Қазақстан республикасы Парламент Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында іссапарда болды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын ел арасына түсіндіру мақсатында ол алдымен Мұнайлы ауданындағы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының Маңғыстау темір жол бөлімшесі ғимаратында жергілікті жұмысшыларымен және басқа да сала өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Б.Шелпеков Мемлекет басшысының  Жолдауында алға қойылған міндеттермен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларында болатын өзгерістер жайлы баяндады. Елбасының білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша берген тапсырмаларын орындау және тұрғын үйдің сапасы мен оған қол жеткізу мүмкіндіктері, басқа да игіліктерді іске асыру үшін жасалуы тиіс жұмыстар талқыланды.       

Ұстаздарға қатысты «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленетіні және ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін қуанышты жаңалық екені айтылып, мұғалімдерге қойылатын негізсіз жүктемені азайтуға мүмкіндіктер туралы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыра түсу үшін ауыл мәселесі Жолдауда арнайы айтылып, «Ауыл – ел бесігі» жобасының қолға алынғандығы айтылды.

Сенатор сапары Түпқараған ауданында жалғасын тапты.

- Жолдаудың барлығында Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беріп келеді. Осы жолы да солай болды, әсіресе халыққа қажетті 3 бағытқа аса назар аударатынын баса айтты. Оның ішінде білім, медицина және өңірлік және қалалық инфрақұрылым бар. Мысалы білім деп айтқанда, балалардың мектепке дейінгі балабақшамен қамтылуынан бастап, үш ауысымды оқу жүйесін болдырмауда мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жоюда 2019-2021 жылдарға жаңа мектептердің құрылысына 50 млрд теңге қаражат қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар барлық білім беру мектепке дейінгі орындарда балалар қауіпсіздігін сақтау үшін 100 пайыз бейнебақылау орнатылуы керектігін тапсырды. Ал, педагог мамандарының жалақысын көтеру мен педагог мәртебесіне Заң қабылдануы барлық ұстаздарды қуантты. Баспанамен қамтылу, медицина, салауатты өмір салтын ұстануда спортты дамыту, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру сияқты мәселелерді, индуртрияландыруға көңіл бөлінуінің барлығы күнделікті өміріміздегі қажетті мәселелер болып тұр. Біз нарықтық экономикада бағыт алып келеміз. ТМД елдерінің көпшілігі осы бағытты енді таңдай бастады. Онда ең басты дербес дамып келе жатқаны – кәсіпкерлік сала деп айтсақ, оған көрсетіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың көптігін азаматтар пайдалана білгендері жөн. Орта және шағын бизнеске салық амнистиясы енгізіледі. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында еліміздің жақын шетелдерге шығатын тасжол және темір жол бағыттарының ашылуына көңіл бөлінді. Республикалық қарыз ақшаларымыздың 90 пайызы тас жолдарды дамытуға беріліп жатқанын ескерсек, Маңғыстаудың өзінде Атырау арқылы Ресей жеріне, одан бөлек Түрікменстан – ары қарай Иранға шығу, Өзбекстанға шығатын барлық бағыттар жасалуда, деді түпқарағандықтармен кездесуінде сенатор.

Жиында 7-20-25 бағдарламасының тек қана қалалық жаңа үйлерге емес, ауылдық жерге әкелу жағы сөз болды. Аудандық мәслихат хатшысы А. Досанова көтерген бұл мәселеде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін үстеме пайызы 0,03 болатын үкіметтік несие қаражатын 7-20-25 бағдарламасымен алынатын баспанаға бастапқы жарна ретінде пайдалануына мүмкіндік бар ма деп сұрады және 7-20-25 бағдарламасындағы алғашқы 20 пайыздық жарнаны жинау халыққа қиындық туғызып отырғанын  көтерді. Сонымен қатар, аудан орталығында құрылысы басталған Мұрын жырау Сеңгірбекұлы мұражайының құрылысы аяқсыз қалғанын жеткізді. Маңғыстау облыстық мәслихат хатшысы С.Трұмов баспананың 20 пайыздық бастапқы жарнасының 10 пайызын үкімет тарапынан көмек арқылы шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтты.

Жиын соңында аудан басшысы Айдос Хамиев Жолдауда берілген тапсырмалардың аудандағы орындалысына баяндама жасады.

Кездесу соңы қатысушылар тарапынан қойылған Жолдауға және күнделікті ел өміріне қатысты сұрақтарға жауап берумен тиянақталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы