Сенаторлар Сырдария ауданындағы «Бақ» және «Қызыл диқан» шаруа қожалықтарында жергілікті тұрғындардың, шаруа қожалықтары басшыларының, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің және мұғалімдердің қатысуымен кездесу өткізді.
Депутаттар Шиелі ауданында да жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс орталығындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына және шыны жасау зауытына ат басын бұрған сенаторлар осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне де Жолдаудың басымдықтарын түсіндірді. Және Сыр өңірінің тұрғындарын Елбасының Жолдауда алға қойған міндеттерін орындауға белсене атсалысуға шақырды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы