Саясат • 18 Қазан, 2018

Жұмыла жұмыс істеу маңызды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Астрахан ауданындағы №6 агротехникалық колледждің оқытушыларымен және өндірістік оқыту шеберлерімен кездесті. 

Жұмыла жұмыс істеу маңызды

Кездесуде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мә­селелер қызу талқыланды. Мә­селен, депутат Елбасының Жол­дауын жүзеге асыру мақ­сатында барша жұрт жұмыла жұмыс істеуі керек екендігіне тоқталды. Р.Әкімовтің пікірін­ше, экономика мен ауыл шаруа­шы­лығының барлық саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. 

Колледж директоры Қанат Сүйіндіков депутаттарға оқу сыныптары мен өндірістік шеберханаларды, материалдық-тех­никалық базаны көрсетіп, тү­лек­терді жұмысқа орналас­ты­ру­дың жағдайы туралы айтып берді. 

Кездесуге Астрахан ауда­нының әкімі Нұрлан Сейілов пен мәслихат хатшысы Мирам Қожахмет қатысты.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы