Саясат • 18 Қазан, 2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

629 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Жолдау 2018: мамандар қолдауы

Ішкі саяси тұрақтылық – орнықты даму кепілі 

Халқымыз Елбасы айқын­да­ған ортақ мүдде жолында ауыз­біршілік танытпаса, еліміз­дің саяси және әлеуметтік-экономи­калық дамуы, сондай-ақ дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті жүзеге аспайтынына ешкім күмән келтірмейді. 

Елдің әлемдік элитаға кіруі­нің негізгі шарттары этно-кон­фессиялық төзімділік, ішкі сая­си тұрақтылық және дамыған аза­­маттық қоғам болып табылады.

Ел тәуелсіздігінің 27 жылында қол жеткізілген табыс­тары­мыздың барлығы – көп этносты еліміздің ынтымағының, қоғам­дық келісімнің, Президен­тіміз алға қойған стратегия­лық мін­деттерді барша қазақ­стан­дықтар жұмыла еңсеруінің нәтижесі.

Әлемдік қоғамдастық аза­мат­тық қоғамның тиімді үлгісі ре­тін­де таныған еліміздегі саяси тұрақ­тылық пен этносаралық және конфессияаралық келі­сімнің қа­зақ­стандық моде­лі негізінде «Әр­алуан­дықтан бір­тектілікке» қағи­­даты бекітілді. Бұл принцип өмірдің барлық саласында қолданылады: әлемдік саясатта (көп векторлық), экономикада (жаңа технологияларды пайдалану және экспортқа бағдарланған индустрияландыру), әлеуметтік және ішкі сая­сатта (халықтың кі­ріс­­те­рінің өсуі және өмір сүру са­­пасын қо­ғамдық келісім және тө­зім­ділік қағидаттарымен жақ­сарту).

Бағзы замандардан бері то­лерант­тылық пен этносара­лық татулық Ұлы Даланың не­­гіз­гі қағидасы болып табы­ла­­­тын­ды­ғын атап өту керек. Ұлы Жібек жолы бойында ор­­на­ласқан ортағасырлық қала­лар­да түрлі діни ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар, буддистердің ғибадатханалары салынды. Тек олардың биіктіктері мешіттен аспауы керек болған.

Қазақстанның стратегиялық жетістіктерінің бастауында Ел­ба­сының әріден ойлай білер көре­гендігі, кең ауқымды саясаты және жасампаз жоспарлары мен ха­лықты ортақ мүддеге жұмыл­ды­ра білген маңызды бастамалары тұр. 

Бүгінде Қазақстанды әлем­нің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің қатарына жылжыту бас­ты мақсатымыз. Осы орайда алдымызға елдегі тұрақ­ты­лықты, азаматтардың бар­лық конституциялық құқық­тары мен бостандықтарын қамтама­сыз ете отырып, қоғам мен мем­лекетті басқарудың ең тиімді жүйесін іске асыра алатын қа­зіргі заманғы демократиялық басқару фор­масына көшу мін­деті қойы­лып отыр. Бұл міндетті іске асыру мақ­са­тында елімізде корпо­­ратив­тік басқарудың, өнім­ді­ліктің, ашық­тықтың және есеп­тілік­тің қағидаттарын не­гізге алған сапалы жаңа модель құрылуда. 

Біздің отандастарымыз мем­лекеттік биліктің тиімділі­гін көрсеткіштер мен есептерге емес, шынайы өмір сүру сапасына және өз табыстарының өсуіне қарай бағалайды.

Ел Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­­­дауы біздің барлығымыз үшін жаңа қазақстандық шын­дық­­­­­ты ­­қа­л­ыптастыруға бағыт­­­тал­ған.

Түркістан облысы бойын­ша мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдардың әлеу­­меттік әріптестігі, аймақтың әлеу­­меттік-экономикалық және әлеу­­меттік дамуының өзекті мәсе­­лелерін шешуге қатысуы жос­­парлы және мақсатты жұ­мыс болып табылады.

 Бұл жұмыстардың нәтижесі аймақ тұрғындарының әлеу­меттік өркендеуі мен эконо­ми­калық өсуінің нақты көрсет­кіштерінен көрінеді.

Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуы және Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде қалыптастыру шаралары облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсті. 

Аймақтағы өнеркәсіптік кә­сіп­орындардың, ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өндіру­ші­лер­дің, шағын және орта биз­нес са­ласының жетістіктері өндіріс­­тің өсуін көрсетеді. Олар жұмыс орын­дарының көбеюіне оң әсерін ти­гізіп отыр. Мысал ре­тін­де бір­не­ше көрсеткіштерді келтіре кетейін. 

Облыста жыл сайын 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріле­­­ді. 180 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тиім­ді жұмыс істейді, жеңілдік­ті микро­кредит беру аясында 2,7 млрд теңге бө­лін­ген, ауыл шаруа­шы­­­лығы са­ласының аймақ­тың эконо­­ми­ка­лық қозғаушы күші­не ай­на­ла­тынына сенім мол. Туристік әлеует тиімді іске асы­рылуда – осы жылдың 8 айының қоры­тындысы бойынша Түркі­стан қаласына келген туристерден облыстық экономикаға 3,73 млрд теңге түскен.

Аймақтық шкала бойын­ша жүргізілген социологиялық сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 90%-ы өздерінің тұрмыс жағда­йына қанағаттанған және аймақ­тағы әлеуметтік-экономи­ка­лық жағдайды тұрақты және гүл­денген деп бағалаған. Сондай-ақ респонденттердің 96,7%-ы елдегі әртүрлі этностық топтар арасындағы қарым-қатынастағы ахуалды қауіпсіз және тыныш деп бағалаған. Бұл Елбасының айтқан сөздеріне сәйкес, елі­міздің экономикалық әл-ауқаты Қазақстан халқының бірлігіне негізделгенін білдіреді.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты ма­қаласының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, сондай-ақ Жол­даудың мазмұны біздің бә­рімізді – қоғамдық және мем­ле­кеттік құрылымдардың өкіл­дерін өзара қарым-қатынастар, қазақ­стандық мемлекеттіліктің бола­шағы үшін серіктестік, жеке бас­та­малар мен жауапкерші­лік жү­йе­сіне сапалы өзгерістер жасауға шақырады.

Владимир ЖАРИНОВ, 

облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының ахуалдық мониторингі және талдау бөлімінің басшысы 

Түркістан облысы

***

Туризм – экономикаға серпін қосатын сала

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстандықтардың әл-әуқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында елдігімізге сын болатын ауқымды істер ба­йыппен бағамдалды. Қоғам болып жүйелі жүзеге асыра білсек, бұл ұлан-ғайыр Жолдау тармақтары – әлем өрісті цифр­лы технологияға нық қадам басқан бүгінгі дәуірде дамудың көкейкесті шешім түйіндері табылуға тиісті арналардың жолын ашатын маңызды құжат. 

Өзгесін айтпағанда, әлем өрке­ниетінің тәжірибелеріне сү­йенсек, Елбасының ел эконо­микасын табысты арнаға бұруда туризмді дамыту саласына айрықша назар аударуы тегін емес. Рухани жаңғыруымыз бүгінгі және келер ұрпақтың кемел болашағы үшін керек. Осы тұста Президент Жолдауда мектеп туризмі туралы «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бо­йынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек», деп атап көрсетті. 

Байтақ еліміздің өңірлерінде қаншама танымдық тарихи-ше­жірелі маңызды мәдени объекті, мұражай, қорық, демалып саяхаттайтын суы шипалы, айналасы көк желекті өзен-көл. Иә, еліміз тарихы терең мекендерге өте бай. Қазақтың байтақ даласы жерасты байлығымен ғана емес, шежіреге толы мазарларымен, тарихи көне жәдігерлерімен де құнды. Өзгесін айтпағанның өзінде мәдениетіміздің мәйегі Семей өңіріндегі, яғни Абай ауданындағы тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Жиде­бай қорығының өзі ішкі туризм үшін маңызды нысан. Ондағы классикалық әдебиетіміздің алтын діңгектері – Абай Құнан­байұлы мен Мұхтар Әуезовтің мұражайлары, Сарыкөл, Қоңыр әулие үңгірлері, Еңлік-Кебек ескерткіші сияқты кешендер, еліміздің өзге өңірлеріндегі тарихи ескерткіштер мен мұражай­ларды тамашалауға білім ұйым­дары көшпелі ақылы туризмдер ұйымдастыруы керек. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дегендей өзіңді сыйлау дегенді бұл арада – өзіңді ғана емес, еліңді, жұртыңды, мәдениетіңді танып-білу, рухани биік болу деген кеңейтілген мағынада да қолдануға болады. Ол үшін туған жердің дастан-тарихын оқы, біл, үйрен, ұлылар еліне, қасиетті жерлерге барып табан тіреп, тәу етіп саяхатта. 1899 жылы «Русский турист» журналында арнайы мектеп туризміне арналған жеке айдар пайда болған. Сол айдарда апта сайын қай мектеп оқушылары қандай елді мекендерде болғаны туралы қызықты мақалалар жарияланып отырған. Осы арқылы басқа мектеп оқушыларының дәл сол жерге баруына себеп болған екен. Қазіргі цифрлы дәуірде фейсбук, инстаграм желілері арқылы дәл осы мектеп туризмін ел ішінде маңызды үрдіске айналдыруға болады. Мектеп оқушылары арасындағы эссе, шығармалар байқауы рес­публика көлемінде аталып өтсе.

Болашақта Қазақстандағы туризм өңірлік қана емес, жаһан­дық та сипат алуы керек. Ол үшін, яғни еліміздегі туризмнің өркен­деуі үшін тарихи орындарымыз, шипалы өзен-көлдеріміз, жер жаннаты Көкшетаудағы ғажа­йып мекен Бурабай, шипалы Алакөл және т.б. мекендерді инно­вациялық және мәдени орта­лық ретінде дамытып қалып­тас­тыруды қамтамасыз ете білсек, мемлекеттік бюджет айтарлықтай толығып, әлеуметтің әл-ауқаты көтерілер еді. «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет», деп Елбасы Жолдауында айтылғандай, ту­ризм­нің барлық түрін Қазақ­стан­да дамытуға болады. Ал түбе­гейлі мақсат – цифрлы туризмді дамыту болуы керек. 

Саябек ЗИЯДИН, 

экономика ғылымдарының 

докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономикалық зерттеу орталығының директоры

***

Баршамызға жігер берген Жолдау

Елбасының Жолдауы елі­­­міздің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық да­муының өзекті мәсе­ле­леріне және қазақстан­дық­тардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Мемлекет басшысы бүгінде халық саны 18 млн-нан асып, өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа жеткенін, алғаш тәуел­сіз­дік алған жылдары халық са­ны 14 млн болғанын атап айт­ты. Бұл, әрине, елдегі сая­си, эко­но­микалық-әлеу­мет­тік жағ­дай­дың дұрыс қалып­тасқанының бір көрсеткіші екені белгілі. 

Жолдауда Елбасы қоғамның әр саласына қатысты арнайы тоқталып, нақты міндеттерді атады. Соның ішінде мені медицина қызметкері ретінде денсаулық сақтау саласында нақтыланған тапсырмалар ерекше қызықтырды. Мем­лекет басшысы бастапқы ме­дициналық-санитарлық кө­мектің сапасын арттыру мә­селесіне тоқталғаны, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қыз­меткерлерінің жалақысын 20 пайызға көтеруді тапсыр­ғаны өзім басқаратын ұжым мүшелерін қуанышқа бөледі. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл бір жағынан емханаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктейді.

Жалпы, Елбасының биылғы Жолдауы бәрімізге айрықша жігер берді.

Гүлстан МАҚСҰТОВА,

Қызылорда қаласындағы №3 емхананың бас дәрігері

***

Ең басты құндылық – адам тағдыры

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл Жолдауы бұрынғыларынан шын мәнінде өзгерек болды. Өнер адамы ғана емес, Қазақстанның бір азаматы ретінде тыңдап отырып тамсандым, шын мәнінде риза болдым. Мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам тағдыры мен оның кемел келешегіне қатысты бірқатар сүбелі жобалар мен бастамалар қолға алынатын болды. Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітуінің өзі ұлтының ке­мел келешегіне сенген дана бас­шының көрегендігі деп біле­мін. Одан кейін, әрине, мұға­лімдердің мәртебесіне қатысты алдағы уақытта қабылданатын заң да өмірін еліміздің келе­ше­гін тәрбиелеуге арнаған ұла­ғатты жандарға кәсіби мерекесі қарсаңында теңдессіз сый болды ғой деп ойлаймын. Кез кел­ген адамның бұл өмірде ғұ­мыр бойы қарыз болып өтетін екі адамы бар. Оның бірі – ата-анасы болса, екіншісі – осы ұс­­та­зы. Менің әкем де, анам да бар ғұмырын бала тәрби­е­сіне арнаған ұлағатты ұстаз­дар. Мен ұстаздық жұмыстың­ ауырт­­палығы мен жауап­кер­­­ші­­­лігін жақсы біліп, жа­ным­­­мен түсінемін. Әкем­нің маң­дай тері мен адал еңбегі, анам­­ның әр күрсінісі маған осы­ны ұғын­дырып, ұстаз­­дар­­­дың қадіріне жетуге үй­ретті. Сондықтан да ұлағатты ­жан­­­дарға көрсетіліп жатқан бұл мәртебе шын мәнінде дер ­ша­­ғын­да қабыл­данған өте дұ­рыс ше­шім­­дердің бірі деп ­санаймын. 

Талғат ТЕМЕНОВ, 

Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі 

***

Экспортты ұлғайтайық

Елбасының биылғы Жол­да­уында ауыл шаруашылығы саласына аса көңіл бөлінгені белгілі. Сонымен қатар басты құжатта көрсетілген бағыттардың қай­сысын алып қарасаңыз да халық үшін өте маңызды. 

Мемлекет басшысы Жол­дау­дың бесінші бағытында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді тапсырды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың тиімсіз бағыттары қысқартылып, заманауи агротехнологиялар қолдануға басымдық берілетіні айтылды. Бұл өз ке­зегінде ауылшаруашылық тауа­рын өндірушілердің бәсекеге қа­білетті және сапалы өнім өнді­руіне, сондай-ақ өнімін экспортқа шығаруына зор мүмкіндік береді.

Ал енді өзімнің шаруа қожа­лығыма келетін болсам, жоға­ры­да аталған қолдаулардың арқа­сында қант қызылшасы да­қылының көлемін 2 есеге арт­тырдық. Өндірген 700 тонна көкөніс өнімдері Жамбыл облысымен қатар Астана, Алматы қалаларына өткізілді. Сонымен қатар сүт фермасындағы 200 бас асыл тұқымды сауын сиыр­дың өнімдерін сүт өңдеуші кәсіп­орындарға өткізіп жатырмыз. 

Жолдауда айтылғандай, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді қолдай отырып, мүдделі кәсіпорындар төңірегінде шаруашылықтарды ұйымдастырып, ет экспорты көлемін арттыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бұл жұ­мыстар еңбек өнімділігінің өсуі­не де өз септігін тигізеді.

Жолдаудағы аграрлық саланы дамытуға бағытталған бастамаларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер атынан қол­дайтынымызды білдіргім келеді. Елбасы Жолдауында атап өткен міндеттерді толық жүзеге асыруға барынша атсалысатын боламыз.

Саха МАНАТОВ, 

«Саха» шаруа қожалығының жетекшісі

Жамбыл облысы,

Байзақ ауданы