Аймақтар • 18 Қазан, 2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында 2013 жылы 671 отбасының үйі апатты жағдайда екендігі анықталған еді.

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

Осы жағдайды шешу үшін 2013 жылы 24 пәтерлі 1 үй, 2015 - 2016 жылдар аралығында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй берілді. 2017 жылы 50 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілген.

Биыл 40 пәтерлі 2 тұрғын үй, 50 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді беру арқылы 157 отбасы баспаналы болды. 2013-2018 жылдары аралығында қаладағы апатты жағдайдағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған 671 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды.Осылайша, өз үйінің апаты жағдайда екендігін техникалық тұрғыдан растайтын құжаттары бар, пәтерге шын мұқтаж тұрғындардың өтініштері толық қанағаттандырылған.

Бүгінде қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар халық игілігіне жұмыс жасауда.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»