Таным • 18 Қазан, 2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

777 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

1973 жылы "король Кунг-Фу" фильміне түскен қытайлық актер Ван Дэшунь 79 жасында подиум мен интернеттің жұлдызы болды. Актер Ван Дэшунь күтпеген жерден Қытай сән апталығы кезінде бағы жанып, ең танымал жұлдыздардың қатарына қосылған. Пекиндегі China Fashion Week сән апталығындағы бұл жаңалық жоспарланбаған болатын. Оны 2015 жылы ерекше модель ретінде қытайлық дизайнер Ху Шегуан кездейсоқ жағдайда тапты.

 «Адамның жасының үлкендігі тек өзі ойлағанда ғана кедергі келтіруі мүмкін. Барлық адамда биологиялық жас қана емес, оған қоса ақыл-оймен анықталатын тағы біреуі бар»

Ван Дэшунь 1936 жылдың 5 қаңтарында Шеньян, Ляонин провинциясында дүниеге келген, Қытайда туып-өскен. Ол 60 жыл бойы арманы жолында дайындалған, 44 жасында ғана ағылшын тілін үйрене бастаған. 57 жасында алғаш сахнаға шығып, "Тірі скульптура" атанған.

70 жасында денесін шынықтыру үшін күні-түні жаттығу залдарында дайындалған, бассейнге барған.

79 жасында алғаш рет подиумға шығып, танымал болған.