Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

1632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі ақын Абдрахман Асылбеков 80 жасында өмірден озды. 

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Абдрахман Асылбеков  1938 жылы 1 мамырда  Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Ақын аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.

1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.