Әлем • 19 Қазан, 2018

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Ресей Өзбекстанға ұлттық ғарыш жүйесін құруға көмек береді, деп хабарлайды Газета.uz.

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

Ресей, Өзбекстан, Қазақстан арасындағы үш жақты серіктестік жобасын «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников Өзбекстан мен Ресей аумақаралық серіктестік форумы аясында таныстырды.

«Орбитадағы Sat-2 құрылғысын ауыстырып жатқан Қазақстан Республикасымен ортақ жоба жасап, құрылғыға жаңа мүмкіндік беруге жол ашамыз», деді Анатолий Красников.

KazSat-2R құрылғысын 2023 жылы KazSat-2 құрылғысына ауыстыру керек. Ол телерадио, байланыс, ақпарат алмасу, VSAT желісі, мультимедия жұмысын жүйелейді.

«Роскосмос» ақпараты бойынша, жаңа құрылғы Өзбекстан, Қазақстан, Ресейдің орталық  аумағын, Орталық Азияның басқа аумақтарын қамтымақ.