Әлем • 19 Қазан, 2018

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте өттi

378 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi, Кырғыз Республикасының Экономика министрi Олег Панкратов пен Түркi кеңесi Бас хатшысы Бағдад Әмiреевтiң қатысуымен, 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте ұйымдастырылды.

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте өттi

Түркі кеңесінiң мүше мемлекеттерiнiң өзара экономикалық қатынастарын дамыту мақсатында, аталған жиынға Әзербайжаннан Экономика министрінің орынбасары Сахиб Маммадов, Қазақстаннан Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мадина Жүнісбекова, Түркиядан Экономика министрінің орынбасары Гонджа Ышык Йылмаз Батур, Түркі кеңесіне бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болған Венгриядан Қырғыз Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани қатысты.

Министрлер кездесуi Министр Панкратов және Бас хатшы Әміреевтiң алғы сөздерiмен бастады. Министр Панкратов содан кейiн мүше мемлекеттер арасында ынтымақтастықты тиімді түрде жүзеге асыру үшiн Түркі кеңесінің экономикалық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтiп, соңгы кездесуден берi Қырғызстанда сауданы одан әрі дамыту және инвестицияларды ынталандыру мүмкіндіктері туралы ақпарат бердi.

Бас хатшы Әміреев, 2018 жылдың 3 қыркүйегінде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммитінде Президенттердiң алға қойған тапсырмаларына сәйкес қолданыстағы механизмдерді нығайту, сондай-ақ, Ортақ инвестициялық қор, Түркi сауда үйі және Ортақ сауда палатасы сияқты жаңа жобаларды енгізу арқылы мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігіне назар аударды.

Әзербайжаннан Экономика министрінің орынбасары Маммадов айтқан сөзінде, Әзербайжанның сауда және инвестициялар саласында ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ, бауырлас елдердің бизнесмендері арасындағы қатынастарды дамытуына аса маңызды мән беретінін атап өтті.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Жүнісбекова өзара сауданы дамыту мақсатында ортақ сауда үйлерін құруды ұсынды және мұндай механизмнiң өзара инвестицияларды ынталандыру, өндірушілер мен клиенттер арасындағы сауда қарым-қатынастар деңгейін көтеру және Түркі кеңесі мүше мемлекеттерiнiң ұлттық өнімдерін экспорттау жөнiнде танытуындағы шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

Түркия Экономика министрінің орынбасары Йылмаз Батур, Түркі кеңесi мүше мемлекеттерiнiң экономикалық әлеуетінiң, ең алдымен, экономикалық дамудың ең маңызды элементi болған адами даму мен адами капиталды дамыту арқылы жақсыра түсетiнiн, және осы салады инвестициялау керек екенін жеткiздi. Экономикалық өмірде сыртқы сауда операцияларының уақыттық құны мен көліктің маңызын атап өткен министр орынбасары мүше мемлекеттерді сауда рәсімдерін жеңілдету саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды. Йылмаз Батур, көлік және кеден саласындағы қатынастарды тереңдетудің, мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымының өсуіне серпін береді деп хабарлады.

Венгрияның экономикалық әлеуеті туралы қысқаша ақпарат барген Елші Барани, Венгрияның Түркі кеңесі мүше мемлекеттерiмен жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтiп, Венгрия Эксимбанкінiң алты түркітілдес елдермен сауда жасау, экономикаларын инвестициялау және ортақ жобаларды бастату мақсатында 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие желісін ашқанын айтты.

Түркі кеңесінің Бас хатшы орынбасары Омер Коджаман кездесу қатысушыларына бiр күн бұрын өткен Экономика жөніндегі жұмыс тобының 10-шы отырысының қорытындысын ұсынды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) атқарушы директоры Айдар Қазыбаев, мүше мемлекеттердiң арасында қаржы нарықтары саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатында АХҚО аясында атқарылып жатқан iс-шаралар мен өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары туралы таныстырылым жасап, мүше мемлекеттердiң компаниялары мен қаржы мекемелерін АХҚО-ның жобаларына қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Түркі бизнес жүлдесiнiң марапаттау рәсімі өтті. Министр Панкратов пен Бас хатшы Әміреев мүше мемлекеттердiң экономикалық қарым-қатынастарына жасаған құнды үлестері үшін Түркияның мұнай корпорациясы (TPAO), «Ордабасы Құс» ЖШС, «АБАДА Трейд» және «ТАНАП» компанияларының өкілдеріне Түркі бизнес жүлдесiн бердi.

Кездесуден кейiн Министр Панкратов пен Бас хатшы Әміреев отырыстың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Аталған кездесуге Бас хатшы орынбасары Омер Коджаман, Жоба директорлары Асан Мәжитов, Жылдыз Узакова, Озге Пан, Фаррух Жумаев және Зерттеру сарапшысы Дастан Әлмен де қатысты.