Әлем • 19 Қазан, 2018

Ресей қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған Л-39 ұшағының құлаған жері белгілі болды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің Л-39 ұшағының құлаған жері табылды, деп хабарлайды ТАСС.

Ресей қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған Л-39 ұшағының құлаған жері белгілі болды

Ұшақ қалдықтары Азов теңізінен табылған. Оқиға орын алған жерде теңіз әскері қызметкерлері жұмыстарын бастады.

Құқық қорғау органының мәліметінше, ұшақ экипажы әлі де табылмаған. Олар апатқа дейін ұшақтан құтқарылып үлгерген деген болжам бар. Іздеу жұмыстарына 200 адам қатысуда.

Естеріңізге салсақ, кеше Мәскеу уақыты бойынша 17:00 шамасында оқу-жаттығу жұмыстары барысында жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ техникалық ақау себебінен құлады деген ақпарат бар.