Әлем • 19 Қазан, 2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясы Қытай астанасы Бейжің қаласында басталған Tai Hu дүниежүзілік мәдениет форумының V конференциясына ат салысты. 

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

Екі күнге жалғасқан «Өркениеттер диалогы: адамзат тағдырына ортақ қауымдастық құрылысы» деп аталатын форумға әлемнің көптеген мемлекеттерінен жүздеген өкілдер, саясаткерлер, ғалымдар, дипломаттар қатысты. Форумға қатысқан Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев жиынның «Адамзат тарихындағы бір жол-бір белдеу» атты секциясында   Академия президенті Дархан Қыдырәлінің «Жібек жолы өркениеті» атты мақаласын таныстырды.

Қытай қоғамдық ғылым академиясы ұлттар әдебиеті институтында екіжақты кездесу өтіп, әріптестікті дамыту, жаңа жобаларды ұйымдастыру бойынша   пікір алмасу болды.