Бокс • 22 Қазан, 2018

Елеусіновтің кезекті жеңісі

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рио Олимпиадасының чемпионы, қа­зақ елінің мақтанышы Данияр Елеу­сінов кәсіпқой бокстағы төртінші кез­десуін өткізіп, жанкүйерлеріне тағы бір жарқын жеңіс сыйлады. АҚШ-тың Бостон қаласында өткен бокс кешінде аме­рикалық қарсыласы Мэтт Доэр­ти­менді (8-5-1, 4 КО) нокаутпен жеңді.

Елеусіновтің кезекті жеңісі

Елеусінов пен Догерти арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда отандасымыздың сериялы соққысынан кейін төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Жекпе-жек қоры­тындысы бойынша Данияр техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кездесуден кейін отанда­сымыз алдағы жоспарымен бөлісті. «Мен әуесқой бокста алыс қашықтықта жүріп жұдырықтасу үшін көп еңбек еттім. Ал кәсіпқой бокстағы бапкерім Джон Дэвид Джексон мені жақын және орта ара қашықтықта жұмыс істеуді үйретіп жатыр. Қандай жағдай болсын тынбай еңбек етіп, үлкен жекпе-жектерде өзімнің мүмкіндігімді көрсетуім керек», деді Елеусінов.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Мона­коның Монте-Корле қаласында өткі­зеді. Эдди Хирннің мәлімдеуінше, бұл кеш­тің басты айқасы ресейлік Денис Лебедев пен амери­калық Майк Уилсон арасында өтпек.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»