Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Қарағанды облысында үш өрт сөндіру бекеті ашылды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында үш өрт сөндіру бекеті ашылды.

Қарағанды облысында үш өрт сөндіру бекеті ашылды

Жаңа бекеттер заманауи техникалармен, арнайы өрт сөндіргіш құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өрт сөндірушілерге далада немесе елді мекендерде пайда бола қалған тілсіз жауға қарсы жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін өңірде барлығы 7 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп келді. Ал жаңа бекеттер 14 мың адам тұратын 16 елді мекенді өртке қарсы қорғанышпен қамтамасыз ететін болды.

Айта кету керек, биылғы жылдың 10 айында далада болған 8 өрт оқиғасы өртке қарсы бекеттердің арқасында жойылған болатын.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы