Фото: hi-news.ru
Эксперимент Вест-Пойнттағы АҚШ Әскери академиясының базасында өтті. Дәріс барысында Bina48 роботы университет оқытушыларының бірі Уильям Барримен бірге шамамен 100 тыңдаушы болатын аудитория үшін философия пәнінен дәріс оқыды.
«Біз бұл эксперимент арқылы Bina48 роботының мүмкіндіктерін сынағымыз келді. Дәл осындай роботтар студенттердің қызығушылығын арттыра ала ма деген сұрақтарға жауап іздедік», деді Уильям Барри
Дәріс басталар алдында Bina48 роботының жадына соғыс, саясат, философия теориялары мен сабақ жоспары туралы деректер жүктелді. Сондай-ақ роботқа интернеттен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынды. Өйткені ол уикипедия мен Стэнфорд энциклопедиясын оңай баяндай алады.
«Біз роботтың сабақ беруі ойын-сауық сипатта өте ме деп ойлаған едік. Алайда дәріс оқу жоспары бойынша ойдағыдай өтті. Студенттер сабақ барысында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойды. Ал Bina48 роботы еш қиындықсыз барлық қойылған сұрақтарға жауап берді», дейді зерттеушілер.