Хоккей • 23 Қазан, 2018

«Барыс» Минскінің «Динамосын» ұтты

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» қатарынан үшінші кездесуде жеңіске жетіп, өз көрермендерін тағы да қуантты.

«Барыс»  Минскінің «Динамосын» ұтты

Бұл жолы жерлестеріміз Минскінің «Динамосын» жеңді. Бірінші кезеңде айтулы командалар алма-кезек бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, қос қақпашының асқан шеберлігінің арқасында таблодағы есеп өзгерген жоқ. Үзілістен кейін айдын иелері қарқынын күрт күшейтіп, қатарынан екі рет нысананы дәл көздеді. Бұл голдың авторлары – Дмитрий Шевченко мен Андре Петерссон. Үшінші кезеңде Денис Осипов есеп айырмашылығын қысқартқанымен, 48 минутта Дастин Бойд бәсекенің соңғы нүктесін қойды. Есеп– 3:1.

Қазір ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде «Барыс» 10 орынды иеленуде. Олар 18 кездесу өткізіп, 26 ұпай жиып отыр. Енді астаналықтар өздерінің келесі кездесуін алдағы жұма күні өз мұз айдынында Подольскінің «Витязь» клуба қарсы өткізеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»