Әлем • 24 Қазан, 2018

Еуроодақ Италияның бюджет жоспарын қабылдамады

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еурокомиссия Италияның 2019 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасын қабылдамады, деп хабарлайды Euronews.

Еуроодақ Италияның бюджет жоспарын қабылдамады

Бұл Еуроодақ тарихындағы алғашқы жағдай. Қабылдамау себебін жаңа жобаның келісілген дефицит параметрлерінен асуымен түсіндіреді.

Еуроодақтың қаржы-экономика комиссары Пьер Московски Брюссельдің Италия саяси құндылықтарынан күманданбайтынын айтты. Ал Еурокомиссия төрағасының орынбасары Валдис Домбровскис бюджет тапшылығы көрсеткішін өсіру экономиканың өркендеуін тежейді дейді.

«Біздің сұранысымызға нақты түсініктеме келмеді. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды азайту, экономикалық өсім жоспары туралы сұраққа жауап ала алмадық. Бұл шектен шығу емес. Дегенмен, Италияның кейбір министрлері жоспарды дұрыс деп санайды», деді Московски.

Брюссель Италия үкіметіне жалпы еуропалық нормативтерге сәйкес келмеген бюджет параметрлерін қайта қарастыруға,  бюджет тапшылығы көрсеткішін 0,8-0,9%-ға төмендетуге кеңес берді. Талаптардың орындалуына үш апта көлемінде уақыт берілді. Бюджет жобасының басты мақсаты мемлекеттік қарызды азайту болуы керек. Өйткені Италия мемлекеттік қарыз көлемі бойынша Грекиядан кейінгі екінші орында.

Италия бұған дейін бірнеше рет экономика реформасы жоспары мен бюджет саясатынан бас тартпайтынын мәлімдеген болатын. Мемлекет билігіне келген популистер партиясының үш жылдық бюджет жоспары сайлауда уәде етілген әлеуметтік шығындарды өсіруге негізделген.