Күрес • 28 Қазан, 2018

Ерлан Серікжанов "Grand Slam" турнирінің күміс жүлдегері атанды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Серікжанов Абу-Дабиде өтіп жатқан «Grand Slam»турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Ерлан Серікжанов "Grand Slam" турнирінің күміс жүлдегері атанды

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда грузин балуаны Важа Маргвелашвилиге есе жіберді.

Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуде португалиялық Жоао Крисостомоны, екінші айналымда түркіменстандық Батыр Гурбаниязовты, кейін ширек финалда Барух Шамиловты жеңді. Ал жартылай финалда испаниялық Гайтеро Маритин Альбертоны вазари ұпайымен ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар