Білім • 30 Қазан, 2018

Мамандар дайындаудың алғашқы легіндегі жоғары оқу орны

757 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Егемен еліміздегі ең елеулі ЖОО-лардың бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Міне, аталған оқу ордасының 75 жылдық мерейлі мезгілі де келіп жетті. Осы кезеңдегі оның жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосып, онымен бірге есейіп келе жатқан «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы да 60-ты еңсеріп отыр. 

Мамандар дайындаудың алғашқы легіндегі жоғары оқу орны

Қазақ химия-технологиялық институты құрамында аталған кафедра өз уақытында аса өзек­ті болып табылған халық шаруа­шылығын химияландыру саясатын іске асыру мақсатында 1962 жылы ұйымдастырылды. Кафедраны сол кезден 1974 жылға дейін білікті маман, ұла­­ғатты ұстаз, т.ғ.к., доцент­ Адеб Сейтмагзымұлы Сейт­маг­­зымов басқарды. Іргелі Ле­нин­град технологиялық инс­титутының түлегі кафедраны­ қалыптастыруда, оның түлек­­-т­е­рінің Одақ көлеміндегі сала­лық өндірістерде, еліміздегі Шымкент, Тараз, Ақтөбе, т.б­. қалаларындағы химия кәсіп­орын­дарында білікті мамандар болып танылып, жетекшілік деңгейлеріне көтерілулеріне, олардың қатарынан педагог, ғалымдар дайындалып шығуына үлкен еңбек сіңірді. 

1962-1974 жылдар аралы­­ғында кафедраны 1000-нан астам түлек бітіріп шықты, олардың 38-і қызыл диплом иегерлері бол­­ды. Осы кезең елеулілері қа­­та­рында: А.Демегенов, К.За­­­киева, Ш.Кемпиров, Г.Ма­­­тух­­нов, С.Сандыбаев, И.Фро­лов, Г.Гильманова, Г.Мур­загараев, А.Рябков, А.Са­лыбаев, А.Шолахов, В.Ким, Г.Бай­галина, Н.Бекметова, Ш.Таң­атарова, У.Орынбаев, Т.Омар­құлов, Ю.Мамин, В.Бишимбаев, М.Беймұратов, О.Тұр­далиев, В.Летягин, Б.Бек­­бер­генов, Ү.Бестереков, З.Ким,­ А.Дауылбаев, М.Са­­­хиев,­ Ю.Шкарупа, В.Боча­ров, К.Досыбекова, Р.Джак­па­рова, К.Мурзалин, С.Кри­вуля, А.Кириченко, С.Құтты­қадамов, С.Аманқұлов, К.Бай­­жанов, Б.Маймур, А.Медеу­беков, В.Сайфутдинов, В.Гар­маш, К.Адиходжаева, В.Колес­ниченко, С.Жарқын­беков, А.Аса­уов, Б.Ахметжанов, Л.Тищенко, К.Айболаева, С.Сражиев және т.б. бар.

1974-1976 жылдарда кафедра жетекшілігіне жас ғылым кандидаты, бүгінде баршаға танымал ғалым, іскер жетекші, Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғылым академиясының ака­демигі Уәлихан Бишімбаев келді. Аталған кезеңде кафедра жетістіктері еселене түсіп, жаңа жетекші өз ұстазының бастамаларын ұтымды нәтижелей білді. Осы кезең түлектері арасынан біліктілігімен, іскерлігімен ерекшеленгендер қатарында: Х.Сар­манов, Г.Көшербекова, М.Же­кеев, В.Рожичнер, А.Нұр­лы­­бекова және т.б. бар. 

1976-1991 жылдар ара­лы­ғын­да кафедра құрамы мен оның түлектерін мамандандыру ба­ғыт­тарына толықтырулар мен заман талабына сәйкес қажетті өзгерістер енгізіліп отырды. Осы кезеңде кафедраға жетекшілікті кәсіби мамандар, дарынды педагогтар, ғылым кандидаттары мен докторлары Ким Лин Зу, Галина Попова, Орынтай Тілеуқұлов, Виктор Шевко же­місті атқара білді. Кафедра қа­быр­ғасынан бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарымен қатар, электрхимиялық және электр- термиялық үдерістер технологиясы мамандықтары бойынша дайындалған түлектер салалық өндірістер мен кәсіпорындардың мамандарға қажеттілігін қана­ғаттандырып, Қазақ химия-технология институтының педагог-ғалымдары қатарын толықтырып отырды. 

Түлектер: Е.Семашко, Т.Исаев, З.Айнабекова, Г.Си­­­­до­рова, А.Есімова, Р.Рүс­тембекова, Е.Шахабаев, А.Ко­ку­шева, Р.Нысанбаева, К.Ши­мановская, В.Головко, Г.Емелькина, А.Есі­­мов, Б.Сабиев, О.Белозер­це­ва,­ Г.Елқондиева, В.Ким,­ С.На­­зарбекова, А.Пого­ре­лова, А.Қадыров, В.Маркин, Л.Гусаковская, Н.Бөл­теков, Н.Бори­тченко, Д.Наурыз­баев, В.Легкодумова, Е.Ва­сюк, К.Құттықадамов, Н.Кули­кова, М.Шайхисламов, Б.Дәу­­­­рен­бекова, Ш.Есімо­ва,­ М.Искандиров, В.Мака­рова,­ Т.Тұрдалиев, Б.Дүйсен­би­на, Р.Бижнова, Р. Ожа­каева, Ш.Тоғызбаева, Р.Ха­ми­това, Ш.Тасыбаева, К.Ома­­рова, М.Мүсіркепов, М.Ес­пем­бетова, Р.Масақбаев, К.Мо­настырева, Г.Бажимова, А.Ба­­тыров, Д.Харламова, М.Ки­си­кова, Г.Керімжанова, Н.Есен­­­таев, Ж.Сейдалиева, Г.Ка­­­захова, Г.Миргамбаева, О.Сәр­­сенбаева, Г.Сиқымбаева, Г.Бек­мұратова, Е.Оңғарбаев, Р.Байгарин, А.Демегенова, Е.Чикризова, С.Жұлдызбаева, Ж.Жанмулдаева, Г.Ақ­мура­заева. 

1991-2005 жылдары кафедрада түлектерді мамандандыру бағыттары әрі қарай кеңейтіле түс­ті. «Жаңа жарылғыш заттар мен пиротехникалық құ­рал­дардың химиялық техно­логиясы», «Химиялық, кри­миналистикалық және эколо­гиялық сараптау», «Балқуы қиын бейметалл және силикатты ма­териалдардың химиялық технологиясы» мамандықтары мен мамандандырулар бойынша талапкерлер қабылданып, жоғары білікті кәсіби мамандар дайындау іске асырылды. Нәтижесінде кафе­драның салалық өнді­рістермен кәсіби, ғылыми, іс-тәжі­рибелік байланыстары ар­­тып, нығая түсті. Кафедра қабыр­ғасында ғылым кандидаттары мен докторларын дайындау тиянақты және жоғары нәтижелі жолға қойылды. Кафедраның алыс және жақын шетелдердің жетекші оқу орындарымен және олардың танымал мамандарымен ғылыми, шығармашылық, оқу-әдістемелік, біліктілікті арт­тыру және т.б. бағыттардағы бай­ланыстары нығайып, же­місті нәтижеленіп отырды. Осы кезеңде кафедраға жетекшілік мін­детін т.ғ.д., профессор,­ Қа­зақ­стан Республикасы Ин­же­­нерлік академиясының ака­демигі Шаяхмет Молдабеков абырой­лы атқара білді. Тү­лектер: А.Ажи­метова, Г.Ка­ра­таева, К.Жар­тыбаев, А.Қа­дірбаева, С.Ермеков, А.Бо­лысбек, Ш.Қожахметов, А.Зо­лин, Е.Кочеров және т.б.

2005-2006 жылдары кафедраны т.ғ.д., профессор Біржан Шәкіров басқарды да, әрі қа­рай декан қызметіне ауысып, тех­нология факультетінің уни­верситет көлемінде алдыңғы қа­­тар­дан көрінуіне елеулі үлес қосты, жоғары нәтижелі, же­місті еңбек етті.

2006-2011 жылдары ка­фед­ра деңгейінде мамандан­дыру бағыттары қатары жаңа­ «Металлургия», «Нанотех­но­логия», «Ядролық химиялық технология», «Мембраналық технология» мамандықтарымен жә­не мамандандырулармен толықтырылды. Кафедра ма­ман­дықтары мен мамандандырулары халықаралық ASIIN (Германия) аккредиттеу­ агент­тігімен аккредиттелді, кафе­драның материалдық-тех­ни­калық базасы нығайтылып, ка­федра құрамында жаңа, заманауи талаптарға сай оқу-ғылыми зерттеулік зертханалар ашылды, ЖОО-ға магистратура және PhD-докторантура бағдарламалары бойынша білім беру лицензиялары алынып, ғылыми-педагогикалық мамандар дайындалды, кафедраның профессорлық-оқытушылар құ­­ра­мы инновациялық және тәуе­к­елді жобаларға қатысуға қам­ту бағыттары бойынша­ ұйым­дас­тыру-техникалық іс-шаралары іске асырылды. Осы кезеңде «Бей­органикалық заттардың хи­миялық технологиясы» кафедрасы ОҚМУ техникалық ма­мандықтары арасында үздік деп танылып, Білім және ғы­лым министрлігінің ұлттық рей­тингісі нәтижесі бойынша 5В072000 – «Бейорганикалық зат­тардың химиялық технологиясы» мамандығы бі­рінші орынды иеленді, кафе­драның Д.И.Менделеев атын­­дағы Ресей химия-тех­нологиялық институты, Санкт-­Петербург мемлекеттік тех­нологиялық университеті, Ива­нов мемлекеттік химия-технологиялық университеті, М.Ұлықбек атындағы Өзбек ұлт­тық университеті, Бийск тех­нологиялық институты, Тә­жік­стан тау металлургиялық инс­титуты және т.б. мекемелер­мен халықаралық ғылыми-шы­ғармашылық байланыстары және ынтымақтастығы нығая түс­ті. Осы кезеңде кафедраға ка­­­федра түлектерінің бірі т.ғ.д., профессор Үйлесбек Бе­с­­­­те­реков жетек­шілік етті. Тү­лек­тер: М.Жыл­қыбаев, Ғ.Қам­барова, А.Ті­леуова, Қ.Жұманов, А.Ибраев, Н.Са­ғындықова, А.Тасболтаева, А.Еру­бай, Ғ.Сержанов, Е.Тө­ре­құлов, А.Мылтықбаев, Ж.Ал­тыбаев, Б.Мырзахметова, С.Жұ­манова, А.Тұрымбетов, М.Му­радова, Ж.Жоланова және т.б. 

2011-2016 жылдары кафе­дра­­да оның түлектері т.ғд., про­­­­­­фес­сорлар Мәлік Жекеев, Құр­­манбек Жантасов, т.ғ.к., доцент­тер Еркебұлан Кочеров, Мұрат Айтуреев жетекшілік ет­ті. Аталған кезеңде кафедра жетістіктері жалғастырылып, кафедрада мемлекеттік индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасы бойынша магис­транттарды мемлекеттік грант­тар арқылы дайындауға мүм­кіндік ашылды. Кафедраның ғы­лыми іс-әрекеттері нәтижелері халықаралық деңгейде танылып, кафедра профессорлары  Ү.Бестерековтің және М.Жекеевтің жетек­ші­лік­те­рімен НАТО Ғы­лыми ко­ми­тетінің «Ғылым бей­біт­шілік пен қауіпсіздік үшін» бағ­дарламасы бойынша халық­аралық «Орталық Азияда су­дың трансшекаралық ластануын бағалау» гранттық жобасымен «Су гармониясы – кәсіпкерлікті, инновацияны, зерттеу мен білімді интеграция­лау» халықаралық білім беру жобалары орындалды. Түлектер: А.Қыдыралиева, А.Тү­менбаев, Н.Смайл және т.б. 

2017 жылдан бері кафедра­ға жетекшілік міндеті Санкт-Петербург технология институ­тының түлегі т.ғ.к., доцент Га­­ли­на Сейтмагзимоваға жүк­тел­ді. Кафедрада химиялық тех­нологияның бакалаврларымен қатар, мемлекттік индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ғылым магистрларын мемлекеттік грант­тар арқылы дайындау жал­ғас­тырылуда, ҚР БжҒМ гранттары бойынша ғылыми педагогика магистрлары мен технологияның PhD докторлары дайындалуда. Түлектер: Е.Плужникова, В.Ярочкина, Б.Айтөре, А.Тұрдықұл, С.Бал­қыбек, Т.Искакова және т.б.

Бүгінде кафедрада көпсалалы оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік, шығар­машылық тәлім-тәр­бие жұмыстары нәтижелі жал­­ғас­тырылуда. Кафедра ұжы­мы уни­­верситетіміздің жетістік­тері­нің еселене беруіне, мерейі ас­қақтай беруіне, болашақта ұлт­тық университет деңгейінен көрі­нуіне атсалысуға дайын және қабілетті.

Айдарбек БОЛЫСБЕК,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ 

 «Химиялық инженерия және биотехнология» 

жоғары мектебінің деканы

ШЫМКЕНТ