06 Қараша, 2018

Үш жылдық бюджет таныстырылды

372 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында 2019-2021 жылдарға арналған рес­­пуб­ликалық бюджетті қалыптастыруға арналған заң жобаларының топтамасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Үш жылдық бюджет таныстырылды

Ұлттық экономика минис­трі­нің бірінші орынбасары Рус­лан Дәленов еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеумет­тік-экономикалық даму болжа­мы және «Қазақстан Респу­б­ли­касының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепіл­дендірілген трансферт туралы» заң жобасын сенаторларға таныстырды. 
Баяндамашының айтуынша, алдағы кезеңге әлеуметтік-эко­но­микалық даму болжамын қа­лыптастырудың негізіне мұнай­дың бағасы барреліне 60 АҚШ доллар деңгейінде болатын сценарий қабылданды. Ішкі жалпы өнім 2019 жылы 3,9 пайыз деңгейінде болып, 2023 жылға 4,6 пайызға дейін өсуі болжанып отыр. Ішкі жалпы өнімнің жылдық орташа қарқыны 4,2 пайызды құрайды. ІЖӨ-нің номиналды көрсеткіші 2019 жылы 64 145,7 миллиард теңгеден 2023 жылға 86 944,7 миллиард теңгеге дейін өседі. ІЖӨ 2019 жылы жан басына шақ­қанда 9,9 мың АҚШ долларын құрайды, 2023 жылға 12,9 мың долларға ұлғаяды. 
Ұлттық қордан респуб­ли­калық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөл­шерін 2019 жылы – 2 450 млрд теңге, 2020 жылы – 2 300 млрд теңге, 2021 жылы – 2 000 млрд сомасында белгілеу қарастырылуда.
2019-2021 жылдарға бел­гі­ленген Ұлттық қордан кепіл­ден­дірілген трансферттің мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың тиісті қаржы жылының соңына ішкі жалпы өнімнің болжамды мәнінен 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов еліміздің ақша-несие саясаты туралы баяндама жасады. Қаржы реттеушісінің міндеті инфляцияны біртіндеп 4 пайыздан төмен деңгейге дейін төмендету, бұл салыстырмалы деңгейде дамып жатқан елдерге тән екендігі тура­лы айтылды. 2018 жылғы 10 ай­да инфляция 3,7 пайызды құр­ды. Жылдық инфляция 2018 жыл­дың қазанында өткен жылдың аяғындағы 7,1 пайызбен салыс­тыр­ғанда 5,3 пайызға дейін төмен­деді. Бұл – 2015 жылдың қазанынан бастап ең төмен көрсеткіш.
Еліміздің Қаржы министрі Әли­хан Смайылов сенаторларға «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. 
Баяндамашы атап өткендей, үш жылдық республикалық бюджеттің түсімі 2019 жылы – 9,8 трлн теңге, 2020 жылы – 10 трлн теңге, 2021 жылы – 10,5 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2019 жылы 10,7 трлн теңге, 2020 жылы – 11,1 трлн теңге, 2021 жылы – 11,4 трлн теңге болады. Бюджет тапшылығы 2019 жылы – 945 млрд теңге, 2020 жылы – 998 млрд теңге, 2021 жылы – 936 млрд теңгені құрайды. 
Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің жобасы 2019 жылы 1,5 пайыздан 2021 жылға қарай 1,3 пайызға дейін ІЖӨ-нің бюджет тапшылығын төмендету есебінен қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұру міндетін қамтамасыз етеді.