Астана Хаб Орталық Азияның «кремний алқабына» айналады

Бұрнағы жылдары Қазақстан экономикасы үшін цифрлы жүйе мен ақпараттық технологиялар таңсық болатын. Кейінгі уақытта қазақстандық өрендердің Америка Құрама Штаттарының Силикон алқабында Microsoft, Facebook пен Google секілді алпауыт компанияға барып жұмыс істей бастауы, одан қалды өнертапқыштарымыздың жасап шығарған ғылыми жаңалықтары мен өнімдерін шетелдік компаниялардың сатып ала бастауы отандастарымыздың ақпараттық технологияларға қыры бар екенін көрсетті. 

Егемен Қазақстан
08.11.2018 3038
2

Осы са­ланың әлеуетін байқаған Елбасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске қосқаны мәлім. Бағдарлама аясында мем­лекеттік органдар мен квази­мем­лекеттік компаниялар автоматтандыру жұмыстарына ерекше көңіл аудара бастады.

«Ақылды» жүйенің өндіріс пен мемлекеттік қызметте кеңі­нен қолданылуы үшін бұл са­ла­ның білікті мамандарынан бөлек, дайын өнімдердің де керек­тігі түсінікті. Осы орайда Аста­нада ашылған «Astana Hub» технопаркі қазақстандықтар мен шетелдіктердің идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алаңға айналып отыр.

Әлем бойынша жыл сайын ашылған әр саладағы стартап ком­паниялардың 90 пайызы сол жылы-ақ қайта жабылып қалады екен. Оның себептері әрқилы. Біріне инвестиция жетіспесе, енді бірінің идеясы өміршең бол­мауы мүмкін. Енді бірінде жол көрсетіп, нарыққа сіңісіп кетуі­не көмек беретін менторлар мен жетек­шілер жоқ. Осы орай­да Аста­надағы технопарк бұл де­рек­терді ескере отырып, ақпа­рат­тық технологиялар саласында Қа­зақ­станда жүзеге асырылған кез келген стартап жобаның әлемдік нарықта өз орнын табуына мүмкіндік ұсынбақ. Бұл үшін «Astana Hub» әкімшілігі сегіз бағытта жұмыс істейді. 

«Хабтың жанынан құрылған академияда ақпараттық технологиялар саласында айтарлықтай жетістікке жеткен танымал кәсіпкерлер мен мамандар, хабтағы стартапшыларға және қызығушылық танытқан кез келген азаматтар үшін шеберлік сыныптарын өткізеді. Академиядағы трекерлер мектебі болса, стартаптардың жұмыс істеп жатқан кезеңінде де компанияның әрі қарай өрлей беруі үшін трекерлер, яғни жетекшілер ұсынады. Бұл мамандар әрбір стартапты шикі идея кезеңінен дайын өнім болып, одан әрі нарықтың ірі ойыншысына айналғанша кеңес беріп, жол көрсетпек», дейді «Astana Hub» өкілі Айгүл Шернияз. 

Бұдан бөлек технопарктың өзіндік акселераторы мен ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істеуде. Мәселен, қазіргі кезде Nokia, CISCO, Huawei компаниялары осы хабта өздерінің ғылыми-зерттеу зертханаларын ашып қойған екен. Бұл зертханалар ақпараттық технологиялар саласында жаңалықтар ашатын орталыққа айналып, ертеңгі күні дайын өнім мен қызмет түрлерін ірі брендті компанияларға сатып жатса, еліміз Оңтүстік Корея, Германия секілді ақпараттық технологиялар саласындағы ірі экспорттаушылар қатарынан көрінбек. 

Күні кеше Мемлекет басшысы барып, ресми ашылу салтанаты­на қатысқан «Astana Hub» IT стартаптар технопаркінің тек қана Қазақ­станның емес, сонымен қатар Орталық Азияның «силикон алқабына» айналу­ға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері іс жүзінде жұмыс істеп жатқан технопаркте бүгінде ұзын саны 146 стар­тап тіркелген. Оның 90 пайызы қазақ­стандық стартапшылардың жұмыс­­тары болса, қалғаны Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Украинадан келген стартаптар көрінеді. Бұлардың барлығына Астана технопаркі белгілі бір кезеңге дейін тегін кеңсе және интернет секілді қажетті құралдар ұсынады. 

Астана технопаркі қызметкер­лері­нің мәліметінше, 2022 жылға дейін технопарктегі стартапшыларға 67 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жос­парланып отыр. Қазірдің өзінде бірінші кезең бойынша 28 млн теңге, екінші кезеңде 60 млн теңге қаржы құйылған. Мұның барлығы бизнесмендердің жеке инвестициясы. 

Бүгінге дейін ақпараттық техноло­гия­лар саласындағы стартаптарды былай қойғанда, шағын және орта бизнесті қаржыландырудың өзінде айтар­лықтай қиындықтардың бол­ғаны рас. Соның бірі қаражаттың қай­тарым­сыздығы болса, екіншіден, атал­ған қаражаттың Үкіметтен бөлінуі. Бас­қаша айтқанда, бизнеске берілген қолдау әдетте грант болып беріледі. Яғни, белгілі бір талаптарды орындаған немесе жарыста үздік деп танылған бизнес сыйақы, марапат ретінде белгілі бір сома иеленеді. Бұл дегеніңіз – әлгі бизнесменнің бүгін­ге дейін жасаған еңбегінің марапаты. Ал нарықтық экономика әбден орныққан елдерде ондай марапат болмайды. Бизнес әділ бәсекелестік арасында өсіп, қатарынан қара үзіп шығып, өзінің нарықтық капитализациясын арттыра алса – нағыз марапат сол. Ол үшін стартапшылар өздерінің идеяларын ақшасы бар әлеуетті инвесторларға таныстырып, олардың қызығушылықтарын тудыруы керек. Бүгінгі «Astana Hub»-тың да мақсаты осы. Бизнес – бизнесті қар­жыландыруы керек. Және бұл марапат ретінде емес, инвестиция ретінде, яғни оны ертең сол қарызды берген адам еселеп қайтарымын сұрайтындай жүйе болуы керек. 

Екіншіден, бұған дейінгі жобаларды қаржыландыру көзі мемлекет болып келді. Әрине, Үкімет бизнесті қолдауы керек. Ол үшін Қазақстанда жылдар бойы бір емес, бірнеше бағдарлама жұмыс істеп келеді. Нәтижесі де бар шығар. Дегенмен, мемлекеттің бизнес алдындағы басты міндеті ақша тауып беру емес, бизнестің кедергісіз өрлеуіне жағдай жасайтын заңнама мен жүйе қалыптастыру. Осы орайда «Astana Hub» Үкіметтің ақшасынан емес, стартаптардың үлкен компания болып кетуі үшін жеке инвесторлардың қаражатынан үмітті. 

Қорыта айтар болсақ, «Astana Hub» ақпараттық технологиялар саласын­да­ғы стартаптар алаңы жаңа идеясы бар өнертапқыштар мен кәсіпкерлерге ешқандай да ақшалай көмек көрсетпейді. Есесіне, тегін кеңсе, құрал-жабдықтар беріп, керек адамдармен таныстырып, кәсіби мамандарды шақырту арқылы тегін шеберлік сабақтарын өткізіп, керек болса, инвесторларды да тауып беруге жұмыс істейді. Осы хабтан бас­тау алған еліміздегі ақпараттық технологиялар саласындағы бизнес өзін өзі асырап, уақыты келгенде мемлекеттің бюджетіне де салық төлейтін ірі компа­нияларға айналуға тиіс. «Astana Hub» әкімшілігінің ойы – осы. 

Бауыржан МҰҚАН, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

21.03.2019

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

21.03.2019

Бұл жолы да биіктен көрінді

21.03.2019

Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу