Қазақстан төрағалығына жоғары баға берілді

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіп­сіздік кеңесінің сессиясы өтті. Сессия жұмысын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. 

Егемен Қазақстан
09.11.2018 2705
2

ҰҚШҰ жиынына Қазақстан Пре­зидентінен өзге, аталған ұйымға мүше мемлекеттердің бас­шылары – Беларусь Респуб­ли­касының Президенті Алек­сан­др Лукашенко, Қырғыз Респуб­ли­касының Президенті Соорон­бай Жээнбеков, Ресей Федера­ция­сының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республи­касының Президенті Эмомали Рахмон, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян және осы ұйымның Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков қатысты. 

Қазақстан Президенті бас­қо­су алдында ҰҚШҰ мүше мем­ле­кеттерінің басшыларын жеке-жеке күтіп алып, мұнан соң президенттер естелік суретке түсу рәсіміне қатысты.

Президенттердің шағын құ­рам­дағы кездесуінде Кеңес мү­ше­лері халықаралық және өңір­лік қауіпсіздік проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мына мүше мемлекеттердің осы ұйым аясындағы және халық­аралық аренадағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Жиынды ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерін еліміздің бас қаласы – Астанада ҰҚШҰ-ның кезекті саммитін өткізуге байланыс­ты қарсы алып отырғанына қуа­нышты екенін жеткізді. Содан соң сессияның күн тәртібін жариялап, отырысты өткізудің шарттарымен таныс­тырды. Президенттер күн тәртібіндегі жиырмадан аса мәселенің бірқатарын шағын құрамда жабық есік жағдайында талқылады. 

Жалпы, еліміз үшін аталған сессия Қазақстанның 2018 жы­лы Ұжым­дық қауіпсіздік шар­ты ұйымына төра­ғалық етуі шең­берінде негізгі және қо­ры­тынды іс-шара болған­ды­ғымен де маңызды. Өйткені, отырыс бары­сында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет­тер басшылары Қазақстанның төр­ағалық ету кезеңінде еліміз ұсын­ған Ұйымның басым бағыттарын іске асырудың негізгі нәтижелерін қорытындылады. 

Сессияда Қырғызстанның ке­лесі сессияаралық кезеңдегі төра­ға­­лы­ғының басымдықтары да сөз болады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрам­дағы отырысында Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Қазақстан ҰҚШҰ-ны беделді әрі тиімді құрылым ре­тінде санайтындығын айтты. 

– Ұйымға мүше мемле­кет­тердің белсенді әрі жан-жақ­ты қолдауының арқасында Қазақ­станның төрағалығы уақытын­дағы міндетке алған басым­дықтар толық жүзеге асырылды, – деген Пре­зидент Қазақстан төра­ғалығының ал­ғашқы қорытын­дыларын жария етті.

– Біріншіден, біз әскери салада ҰҚШҰ-ның біріккен штабын реформалауды жоспарлы түрде аяқтадық. Біздің қауіпсіздігімізге әлеуетті қатерлерді анық­тау бо­йынша мүмкіншілікті кеңей­­туге арналған ҰҚШҰ-ның толық­­­қанды дағдарыстық әрекет ету қыз­метін дайындау аяқта­­лып келеді. Қырғызстан аума­ғын­да «Жауынгерлер бауырлас­ты­ғы-2018» оқу-жаттығуы Шұғыл әрекет ету ұжымдық күштерінің бөлімшелерін және ҰҚШҰ бі­тім­гершілік батальонын тарту арқылы өткізілді. Екіншіден, Алматыда ҰҚШҰ-ның әскери техникалық ынтымақтастыққа арналған мемлекетаралық комиссиясының отырысы өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Үшіншіден, БҰҰ Бас Ас­самблеясының 73-сессиясында Қазақстанның терроризмнен азат бейбіт әлем құруға арналған әм­бебап кодекс қабылдау туралы бастамасы сәтті жүзеге асы­рылды. Бүгінде бұл кодекс­ке 70 мемлекет қосылды. Төр­тіншіден, қазіргі заманғы ки­бер­қауіптерге қарсы тұруға ба­ғытталған бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. Бесіншіден, есірткінің заңсыз айналымымен күрес мәселесі де ҰҚШҰ-ның тыңғылықты назарында болды. Өткен кезең ішінде «Арна» атты екі операция жүргізілді. Бұған қоса, оның аясында Қазақстанның оңтүстігінде «Қызыл бархан» арнасы» халықаралық есірткіге қарсы операциясы өтті, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңейтілген отырыстан соң Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесі сессия­сының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. 

Мемлекет басшысы бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкіл­дері алдында сөйлеген сөзін­де Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қа­уіп­сіз­дік кеңесі аясында өткен кездесу­лер­дің достық әрі сындарлы сипа­тын атап өтті.

– Біз мемлекеттеріміздің қауіп­сіздікті нығайту жолын­дағы өзара іс-қимылының барлық дерлік мәселелерін қарас­тыр­дық. Ұжымдық қауіпсіз­дік шарты ұйымын дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ халық­аралық және өңірлік саясаттың өзекті проблемалары жөнінде сындарлы пікір алмастық. Қазақ­станның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етуі­не орай белгіленген басым­дық­тардың орындалуын қорытын­дыладық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мына мүше мемлекеттер тара­пынан Қазақстанның осы халық­аралық ұйымға төрағалық етуі кезінде атқарған жұмыстарына жоғары баға берілгенін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті бүгін Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымы аясындағы ынты­мақтастықты одан әрі нығай­туға және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін же­тіл­діруге бағытталған маңызды ше­шімдердің қабылданғаны ж­өнінде айтты.

– Бірлестіктің алдағы кезеңге арналған міндеттері мен жоспарын қамтитын Қорытынды декларация Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Астанадағы саммитінің негізгі саяси құжатына айналды. «Халықаралық терро­рис­тік ұйымдар жағында қару­лы қақтығыстарға қатысқан адамдарға қатысты үйлестіріл­ген шаралар туралы» мәлім­деме қабылданды. Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымының серіктесі және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы бақылаушы мәртебелерін құқықтық ресімдеу жө­ніндегі біздің беларусьтік әріп­тестеріміз бастаған жұмысты аяқ­та­дық. Тиісті құжаттарға қол қойыл­ды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан Пре­зиденті бүгінгі сессия қоры­тын­дысы бойынша Заңсыз миг­рацияға қарсы тұру жүйесін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің мүддесі үшін үйлестірілген ақпараттық сая­сатты дамыту жөніндегі іс-ша­ра­лар жоспары бекітілгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында БАҚ өкілдеріне келесі сессияаралық кезеңде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қырғыз Республикасы төрағалық ететінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына жоғары деңгейде төрағалық етіп, осы ұйымның одан әрі жан-жақты дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Жалпы, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңе­сінде жиырмадан аса халықаралық және өңір-

аралық келісімдерге қол қойды. 

Сессия барысында, сондай-ақ мем­лекеттер басшылары ҰҚШҰ мем­лекетаралық әскери-эко­номи­калық ынтымақ­тастығы жөніндегі комиссия төрағасы етіп Ресей үкіметі төрағасының орын­басары Юрий Борисовті тағайын­дауға келісім берді. 

ҰҚШҰ төрағалығы 2018-2019 жылдары Қырғыз Респуб­ли­касына өтетіндіктен, ел прези­денті Сооронбай Жээнбеков сессия барысында Қырғызстан­ның төрағалық кезеңіндегі басым­дықтарын атады. Елбасы Қырғыз тарапының жұмысты жүйелі әрі табысты жалғастыратындығына сенім білдіріп, бауырлас мемлекетке барынша қолдау көрсеті­ле­тіндігін жеткізді. 

Ұйымға мүше-мемлекеттердің басшылары ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысын тағайындау мәселесін де талқылады. Мәселенің мәнісін ашып айтар болсақ, Бас хатшы лауазымына 2017 жылдың мамыр айында тағайындалған Арменияның өкілі Юрий Хача­ту­ровты Армения тарапы биыл қызметінен қайтарып алды. Ұйым­ның бекітілген қағидасы бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысы мүше-мемлекеттердің арасынан әліппе бойынша ауысымдық тәртіппен үш жылға тағайындалады. Бұл мәселеге байланысты пікірін білдірген Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Бас хатшысын тағайындау мәселесі желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін жиында түпкілікті шешілетіндігін атап өтті. 

Жалпы, 2017 жылғы 30 қара­шада Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ-дағы төра­­ға­­лық Қазақстанға өткені белгілі. Мі­не, тура бір жылдан соң қоры­­­тын­дысы шығарылған төраға­лық қызмет еліміздің абыройын ас­­қақ­­тата түсті. Барлық міндет­те­мелер, кешенді жоспар­лар то­лық орындалды. Жалпылай ал­ған­­да, ҰҚШҰ-ны дамыту мен же­тілдіруде біздің еліміздің қос­қан үлесі орасан. Атап айтқанда, Ұжымдық жедел ден қою күш­тері Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бастамасымен құ­ры­­лып, жүйелі түрде дамуда. Атал­ған іс-шаралар мен жасал­ған тетіктердің кешені Қазақ­стан­ның ұлттық қауіпсіздігі мен жал­пы өңірдің қауіпсіздігін қамта­масыз етуге едәуір үлесін қосуға мүмкіндік беруде. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

21.03.2019

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

21.03.2019

Бұл жолы да биіктен көрінді

21.03.2019

Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

21.03.2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу