Ауыл әйелдерінің рөлі айрықша аталды

Кеше Астанадағы Ұлттық музейде «Әйелдердің ауылдық аймақтарды орнықты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің І форумы болып, оған Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. 

Егемен Қазақстан
09.11.2018 3314
2

Жиынға Парламент депутаттары, Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Э.Нэльсон, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Д.Дигол, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

 Өзінің құттықтау сөзінде Гүлшара Әб­діқалықова Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Ауыл – алтын бесік, ауылдың амандығы – елдің амандығы» деген сөзіне тоқталды. «Ауыл – халқымыздың бірлігі мен бірегейлігінің, тарихы мен мәдениетінің, ел дамуының қайнар көзі. Яғни, ауылды өркендету мемлекетімізді дамытудың маңызды шарттарының бірі болып саналады», деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова Қазақстанда 4 мил­лионға жуық әйелдің ауылда тұратынын атап өтті. Олар бүгінде мемлекеттік басқару органдарында кеңінен өкілеттік етуде. Аудандық мәслихат депутаттарының 512-сі әйел, 5-еуі – аудан әкімі, 348-і – ауылдық округтер мен кент әкімдері. Олар 60 мыңдай ауыл тұрғынын жұмыспен қамтитын 40 мыңнан астам шаруа қожалығын және ферманы басқарады. Өткен жыл қорытындысы бойынша жалпы құны 1,2 триллион теңгенің азық-түлігі өндірілді. Бүгінде 1,5 мың әйел «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өз бизнесін табысты дамытуда. Бағдарлама аясында 6 210 әйел бизнесті бастаудың қыр-сырын оқып-үйренді, жалпы құны 735 миллион теңге болатын 174 несие берілді.

Сондай-ақ форум аясында Мем­лекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Элизабет Нэльсонмен кездесті. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың орна­ғанына 25 жылдан асты. Осы уақыт аралығында жалпы құны 7,5 мил­лиард еуро болатын 246 жоба қаржы­ландырылды. 2017 жылы Кеңейтілген серіктестік туралы негіздемелік келісімнің мерзімі ұзартылды.

 Қазір еліміздегі 200 мың шаруа және фермерлік қожалықтың бестен бірін әйелдер бас­қарып отыр. Оның үстіне осындай жұ­мыс­тарды атқаратын әйелдердің саны арта түсуде. 

Президенттің жыл сайынғы Жол­дауларында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканың жаңа драйвері болуға тиісті агроөнеркәсіп секторының рөлін күшейтуге үлкен көңіл бөлінген. Қазір республиканың ауыл-селоларында Қазақстан халқының 40,3 пайызы тұрады, оның жартысы әйелдер және олардың ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлі айтарлықтай екендігін сөйлеген адамдардың бәрі де атап өтті. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының хат­шысы Қаныбек Жұмашев өзінің сөзінде эконо­микалық белсенді қауымның 49 пайызы әйелдер екендігін және олар Қазақ­станның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын айтты.

– Біздің партиямыздың саяси кеңесінде әйелдер үлесі – 31 пайыз. Ал бастауыш партия ұйымдарындағы басшылардың 33 пайызын әйелдер құрап отыр. Сондай-ақ орталық аппараттағы барлық қызметкерлердің 43 пайызы әйелдер. Сондықтан Елбасы партиясының негізгі тірегі әйелдер және Президенттің елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаларының орындалуына үлес қосып жатқан да солар деп айта аламыз, ­– деді ол. 

Еуропа Қайта құру және даму банкі­нің вице-президенті Элизабет Нельсон Қазақстанда іске асып жатқан «Гендерлік теңдік» жобасына тоқталды. Жоба Қазақ­стан экономикасын дамытуға әйелдер­дің белсене атсалысуын күшейтуге бағыт­талған. Бүгінгі таңда әйелдердің бас­тама­сымен қолға алынған 2 мың микро-несиелі жобаға 26 млрд теңге несие берілді. Жалпы, ЕҚҚДБ 4 жылдың ішінде Қазақстанда 1 млрд АҚШ долларының жобаларын несиелендіруді жоспарлап отыр. Соның 320 млн доллары бүгінге дейін берілді, деді Э.Нельсон.

 Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев өзінің сөзінде министрлік пен «ҚазАгро» холдингі ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікпен айналысуын арнайы қолдап жүргенін тілге тиек етті. «Соңғы бес жылда бағасы 940 млрд теңге болатын 68 мың несие берілді. Соның ішінде 137 млрд теңгенің 21 мың несиесі әйелдерге берілді», деді ол.

Бүгін форум өзінің жұмысын одан әрі жалғастырады. Сонымен қатар ауыл әйел­деріне жарияланған конкурсқа сәйкес марапаттар тапсырылатын болады. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

14.11.2018

Месси мен Роналду «Алтын допсыз» қалды

14.11.2018

Мажарстанда топ жарды

14.11.2018

Республика бойынша үздік деп танылды

14.11.2018

Алтайда аяз 34 градусқа жетті

14.11.2018

Ескерткіш тақта орнатылды

14.11.2018

Оқу орнына келмейтін студенттерге 8 миллион теңге стипендия төленген

14.11.2018

Қызылорда облысында пойыздар қозғалысы қалпына келді

14.11.2018

Өзеннің төл атауы қалпына келді

14.11.2018

Жанкүйеріңді қуанта бер, «Тобыл»!

14.11.2018

Бітімгершілік – биік адамгершілік іс

14.11.2018

«Күлтегін» бала тілінде сөйледі

14.11.2018

Ағартушының дара жолы

14.11.2018

Алғашқы қоғамдық кітапхана

14.11.2018

Жыраулық дәстүрдің Марғасқасы

14.11.2018

Кәсіпкерлікке қолбайлау жағдайлар айтылды

14.11.2018

Mádenıetti adam. Ol kim?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу