Қазақстан • 09 Қараша, 2018

Мұхтар Алтынбаев: Жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлу – құптарлық іс

750 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн» деген болатын. Аталған мәселені терең түйсініп, өзі де екі мәрте Қорғаныс министрі болған уақытта жүйеге салған Халық қаһарманы, Армия генералы, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Мұхтар Алтынбаев Елбасы тапсырмасын ел болып қолға алу керек деген пікірде.

Мұхтар Алтынбаев: Жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлу – құптарлық іс

– Мұхтар Қапашұлы, Қа­зақстанның Қарулы Күш­терін құрудағы бастапқы қиын­­дық­­тар алдымен Жоғар­ғы Бас­ қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тікелей бақы­лауы­ және басқаруы арқылы ше­шіл­ді. Осы күрмеуі қиын істің басы-қасында өзіңіз де бол­­дыңыз. Ал бүгінде еліміздің қор­­ғаныс әлеуеті қандай дең­гейге шықты деп ойлайсыз? 

– Бүгінде еліміздің қорғаныс саласы мығым, кәсіби әскери қызметшілері жеткілікті және қорғаныс әлеуетіміз бірнеше есе өсті деп айтуға болады.­ Әри­­не тәуелсіз еліміздің Қару­лы­­­ Күштерін құруда Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Мемлекет басшысы еге­мен­дік­тің алғашқы күндерінен бастап алдымен шекараны бекітіп, әскерімізді сайлап алуға жете көңіл бөлді. Сол тұстағы қиын­дықтарды айтып тауыса алмасам да, сөзім дәйекті болуы үшін бірқатарын атап өтейін. Егемендіктің алғашқы жылдары әскери басшылықтағы өзге ұлт өкілдері тарихи отандарына үдере көшті, ал өз арамызда кәсіби мамандар көп емес еді. Менің өзім Түрікменстанда қыз­метте жүріп, елге келуге та­л­ай сұранғанымда, бір лауа­зым бұйырмай жүрген болатын. Содан, бағымызға қарай, елі­міз бабалар аңсап кеткен тәуел­сіздікке қол жеткізіп, Қа­зақ­станның Тұңғыш Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев ту­ған Отанынан жырақта жүрген қазақ әскерилерін дереу жи­нақ­­тау­ға тапсырма берді. Осы­ның арқасында 1992 жылы Қазақстанға оралдым. 

Әуелгіде корпус басшысы­ болып тағайындалған едім, бі­­рақ азғантай уақыттан соң Қазақ­станның тұңғыш Қор­ғаныс министрі Сағадат Нұр­мағамбетов сол кезде әбден қиюы кеткен­ Әс­кери әуе күште­рін­ бас­қару­ды ұсынды. Сағадат Қо­жахмет­ұлы­ның ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан болатынмын, бірақ кейін Президенттің өзі шақырып алып осы жауапты жұмысты жүктеді. 

Әскери әуе күштері қолбас­шы­­лы­ғына келсем, ұшқыштар қа­тары сиреп қалыпты. Ол бір қиын кез еді. Енді маман тап­­шылығын қалай жоя­мыз? Осы сауалдың жауабын іздеп Ақ­төбедегі жоға­ры азаматтық авиа­­ция ұшқыш­тарының учили­ще­сіне жеттім. Қызықтың көкесі сон­да екен. Оқу орнының ауласы түгілі, іші-сыр­тына дейін сауда орындары сіресіп тұр. Мамандар бытырай бастаған. Осы ахуал­ды көрген бойда Қорғаныс ми­­­нистріне училище ішінен әскери ұшқыштар даярлайтын факультет ашуды ұсындым. Бас­тапқыда оқитын адам таппай қиналамыз-ау деген күдік болды. Сол кезде де Елбасының тікелей қолдауымен әуелі факультет ашып, кейін оқу орнын әскери салаға бұрып ал­дық. Оқытушыларға әскери шенді таратып, профессорлық құрамды сақтап қалдық. Кейін училищеге Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов аға­мыздың аты берілді. Міне, бұл – еліміздің қорғаныс әлеуетін қа­лып­тастырудағы бір ғана бағыт.  

– Мамандар даярлауда ғана емес, Қарулы Күштерімізді қа­ру-жарақпен, техникамен қамта­масыз етуде де көптеген қиын­дықтар болды ғой... 

– Дұрыс айтасыз, ол тұста маман тапшылығы ғана емес, техникамен жарақтауда да талай проблема кездесті. Тіпті қол­дағы бардың өзін сақтап қа­лу үлкен мәселе болды. Әске­ри бөлімшелерді, қару-жа­рақ қоймаларын, ядролық қару ке­шенін қалай сақтап қаламыз деген сауалдар алдыдан шықты. Осы шиеленіскен мәселелердің барлығы Елбасының ұтқыр ше­­шім­дерінің арқасында ың-шың­сыз реттеліп жатты. Еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл бастаманы әлем қолдады жә­не халықаралық қо­ғамдастық Пре­зидентіміздің ше­шіміне әлі де риза. 

Ал әскери техникаға келсек, Ресей тарапы Қазақстанда тұр­ған көптеген әскери техникаларды ешқандай рұқсатсыз тасып әкетті. Осы кезде мәселеге Елбасы араласып, 1986 жылға дейін біздің ел­дің аумағына әке­лінген техникалар өзімізде қала­тын болып келісілді. Ең бастысы, Қазақстан тарапы Ресейден өтем­ақы ретінде қару-жарақ пен әскери техникаларды қайтарып алуға қол жеткізді. Сол кездегі бір қызық оқиғаны айта кетейін. Ресей қа­рулы күштеріндегі әске­ри қол­басшылар «Алғашқы ұшақ­ты генерал Алтынбаев өзі мініп кетсе, қалғандарын қай­­­та­рамыз» деген шарт қой­ды.­ Содан Ресейге барып атақ­ты Су-27 ұшағына үш күн теориялық, үш күн практикалық даярлықтан өтіп, жетінші күні елді бетке алып ұшып шықтым. Сөйтіп ресейлік әріптестеріміз сөзінде тұрып, елге сол кезде әрқайсысының құны 50-60 млн АҚШ долларына бағаланған 26  Су-27 ұшағын және 21 Миг-21, қазір Балқаштағы курсанттар жаттығып жүрген 22 Л-39, 15 Су-25, 1Ту-134, 1 Ту-154 ұшақтарын, сондай-ақ сол тұста 400 млн доллар тұра­тын С-300 кешенін қайтарып ал­дық. Сонымен қатар біздің әске­рилерді Ресейдің әскери оқу орындарында тегін оқытып алуға келістік. Бізге осы техникаларды «сыйға тартқан» ресейлік әскери қолбасшылар Үкімет шешімінсіз әрекеттенгендіктен, үстерінен қылмыстық іс қозғалып, бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі, Ресей президенті Борис Ельцинге қолқа салуы арқасында ол іс жабылды. Бұл – Елбасының шебер дипломатиялық көш­бас­­шы­­лығының белгісі. Жал­пы, Президенттің мұндай шебер­лігіне мұнан соң да шетелдік іссапарлар аясында талай көз жеткіздім. Осының арқасында Елбасы бо­дандық бұғауынан енді боса­ған, ешкім білмейтін елді әлем­ге танытып, АҚШ, Қытай сияқ­ты әлемдік державалардың прези­денттерімен терезесі тең жағдай­да келіссөздер жүргізе білді. 

Тәуелсіздік жылдары қанша қазақ баласы алыс-жақын шет мем­­лекеттерде әскери білім алып, білікті маман ретінде сапқа қо­­­­сыл­ды. Осылайша ұлттық кадр тәр­­биелеу мәселесі оң шешімін тап­ты. Бірақ тоқмейілсуге әлі ерте. Қарулы Күштерімізде ше­шуін қажет етіп тұрған мәсе­ле көп, оның үстіне қазір қауіптің бағыты да өзгерді. Енді еліміз халықаралық терроризм, экстре­мизмнің алдын алуға күш салып, әлемдік деңгейде мәселе көтеріп жүр. Міне, қорғаныс әлеуетін бағыт­тайтын сала – осы.

– Елбасы биылғы Жолда­уын­да жеткіншектердің әске­ри-патриоттық тәрбиесіне же­те көңіл бөлу керектігін айт­ты. Бұл жұмысты неден бас­таған дұрыс?

– Елбасының ертеректегі тапсырмасымен Қорғаныс министр­лігі тарапынан бұл жұмыстар сонау жылдары басталған еді. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы жастардың тәрбиесіне қайта тоқталды. Оның үстіне келесі жыл елімізде Жастар жы­лы болып жарияланбақ. 

Мен министр болып тұрған уақытта еліміздің әр аймағында ка­дет корпустарын құруды бас­тадық, «Жас ұлан» мектебі аяққа тұрды.  Жыл сайын «Спасск» оқу орталығының полигонында «Ай­бын» республикалық әскери-па­триоттық жастар жиы­ны өтіп ке­леді. 

Елбасы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жандандыруды тектен-текке айтып отыр­­ған жоқ. Бұл мәселеге ерек­ше­ көңіл бөлу – құптарлық іс. Жас­­тар – елдің болашағы! Сон­дықтан мем­лекет жастар мен қарияларды қашанда ескерусіз қал­дырмауы тиіс деп ойлаймын. Бұл іске Қорғаныс министрлігі мен өңір басшылары, оқу орындары жете мән беріп, жұмыла кі­рісуі тиіс. Балалардың бо­йына патриоттық сезімді сіңіре біл­сек, олар теріс күштердің ық­па­лынан аулақ болады. Өйт­кені соңғы кездері жастарды қа­ражат немесе басқа да жыл­ты­­рақтармен қызықтырып, қа­тарын толықтыруға ниетті те­­­ріс ағымдардың белсенділігі бай­­қалуда. Бұл – мемлекеттің ер­­те­ңіне төнген қауіптің ба­сы.­­ Аталған мәселені жуырда Қор­ғаныс министрінің қабыл­дауында болғанымда кеңінен тал­қыладық. Ардагерлер бұл мә­селеде атқарушы органдарға көмек беруге дайын. Осыған орай біздің ұйымның аймақтардағы бөлімшелеріне мектептердегі алғашқы әскери дайындық пә­н­ін оқыту сапасымен танысуды тап­­сырдым. Қатарымызда ба­ла­ларды оқытып-үйретуге даяр тәжі­рибелі ардагерлер жеткі­лікті. 

Сондай-ақ «Жас Отан» жас­тар қанатының аясын кеңейтіп, елдегі барша балаларды қамти­тын деңгейге жеткізу керек деп есептеймін. 

Алда-жалда бақылаусыз қал­­­­­ған жастарымыз теріс ді­ни идео­логияның уысына тү­сіп қал­са, бетін қайтару қиын­ға со­ға­ды. Сон­дықтан нақ­ты әре­кет­терді жастарды патриот­тық тұр­ғыда тәрбиелеу арқылы бү­гін­нен бас­тау керек. Қазіргі жұ­мыс­тарды жандандыра түсу қа­жет. 

– Мұхтар Қапашұлы, ар­да­герлер демекші, сіз қа­зір «Қа­рулы Күштердің арда­гер­лері» рес­­­публикалық қоғам­дық бір­­­лестігін басқарып отыр­сыз. Ал мемлекет тарапы­нан зей­неттегі әскери адамдарға қан­­­дай әлеуметтік көмек көр­се­ті­луде?

– Қазір еліміздің Қарулы Күш­­тері ардагерлерінің ұзын са­ны 18 мыңнан асып жығы­лады. Олардың қатарында тәуел­сіз­діктің елең-алаңында Қарулы Күш­теріміздің бой түзеуіне ора­­­­­­сан үлес қосқан азаматтар же­­тер­­­­лік. Тіпті өзге ұлттың өкіл­­­дері де Елбасына сеніп, Қа­зақ­­­­­­станнан кет­пей қалды. 

Шынын айту керек, қазір олар­дың кейбірі әлеуметтік қол­дауға зәру. Әскери саладан қол үзген соң қоғамдық ортадан ажы­­­рап қалған айтулы генералдар да бар.

Біздің ұйымның мақсаты да сол – бұрынғы әскерилерді жұ­­мысқа орналастыруға ықпал ету, әлеуметтік жағынан қолдау көр­­сету және емдеу-сауықтыру орындарын ұйымдастыру. Осы тұрғыда жуырда аймақтардағы бөлімшелердің басшыларын қа­тыстыра отырып, Қорғаныс ми­нистрлігімен меморандумға қол қойдық. Әскерилердің мәсе­лелері жинақталып, ведомство бас­шысына ұсынылды. 

Мәселен, қазір ардагерлерді баспанамен қамту, әскерге ша­қы­­рылатын жастармен жұмыс мәселелері өзекті болып отыр. 

Жоғарыда аталған меморандумда әскери бөлімшелердегі сарбаздардың тәрбиесіне әскери ардагерлерді қатыстыру жайы да көрсетілді. Сонымен қатар емдеу-сауықтыру орындарының сапасын көтеріп, оған берілетін жолдамаларды көбейту жайы да қозғалды. Істелген­ жұмыстан  гөрі, істелетін шаруа әлі жетер­лік. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен  Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»