Білім • 09 Қараша, 2018

Қызылордада үш аусымдық оқу орындары мәселесі шешілді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада үш аусымдық оқу орындары және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Соңғы бес жылда облыс әлеуметтік салаға арналған бюджет шығыстары бойынша республикада алдыңғы орында келеді.

- 2013 жылдан бастап 200-ден астам әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді. Олар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары. Мысалы, 57 апаттық медициналық бекеттің орнына 49-ы салынды, қалғаны 2019 жылдың бірінші жартысында іске қосылады, - дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыста «Балапан» бағдарламасы да табыспен жүзеге асты. Үш және алты жас аралығында балабақшаға баратын балақайларға кезекке тұру атымен жоқ.

Апатты жағдайдағы үйлердің де толықтай мәселесі шешілді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы