Қазақстан • 10 Қараша, 2018

Бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күні қарсаңында күзгі жүгіру жарысы өтті

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірінші болып балалардың 3 км қашықтыққа жүгіру жарысы басталды. Ұлдар арасында Александр Тен, ал қыздар арасында Адия Қадырова жеңіпаз атанды. Ең жүйрік жүгірушілер үштігі медаль, мадақтау қағазымен марапатталып,  оларға серіктестер тарту еткен сыйлықтар берілді.

Бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күні қарсаңында күзгі жүгіру жарысы өтті

Негізгі қашықтыққа (11 км) жүгіруден, ұлдар арасында 36 сағат 24 минут көрсеткішпен Михаил Красилов, ал Дана Айдосова қыздар арасынан 43:46 уақыт нәтижесімен жеңіпаз атанды. Күзгі жүгіру жарысының ең жүйрік жүгірушілері, абсолютті жеңіпаздар медальдардан бөлек 1-орын үшін 50 000 тг, 2-орын үшін 30 000 тг және 3-орын үшін 20 000 тг ақшалай сыйлық алды.

Күзгі жарыс әдеттегідей Бүкіләлемдік диабетпен күрес күні қарсаңында «Санофи» компаниясының қолдауымен өтті.

Жүгіру жарыстарына белсенді түрде қатысатын «Санофи Қазақстан» басқарма төрағасы Ранга Веларатне өткен іс-шара бойынша былай деді: «Қант диабеті – бұл күрделі асқынуларға әкелетін созылмалы ауру. Дерттің өсу деңгейінің артуына қарай, қант диабетін «XXI ғасырдың инфекциялық емес індеті» деп атауға болады. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) болжамына сай, 2040 жылға таман қант диабетіне шалдыққан 20-79 жастағы адамдардың саны 642 миллионға өседі. Сол себепті бұл ауруды уақтылы диагностикалауға және алдын алуға ерекше көңіл бөлген дұрыс».

Жүгіру жарысы кезінде адамдар қант пен холестеринге экспресс-тест тапсырып, «Cardios» медициналық орталығының кардиолог дәрігерінен кеңес алды.

«Осы жүгіру жарысына 1 107 әуесқой спортшы қатысты. Бұл елімізде белсенді өмір салтын таңдайтын адамдардың санының өсіп жатқанын көрсетеді», - дейді жүгіру жарысының ұйымдастырушысы, «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының тұрақты жүргізушісі Валихан Тен. Оның сөзінше, біздің бүгінгі міндетіміз – бұл уақтылы медициналық тексеруден өтіп, ағзаға күтіммен қарау.

Күзгі жүгіру жарысы 2018 жылды қорытындылайтын outdoor-шара болды. Алда Триатлон индор бойынша Алматы Чемпионаты өтеді. Жаңа маусымдық жүгіру жарыстары 2019 жылдың ақпанында басталады. Ал, жаңа жылдан бастап, Тұңғыш Президент Саябағында сөреге дайындалуға ниет білдіргендер үшін ашық жаттығулар басталады.