Қазақстан • 13 Қараша, 2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыарқа магистральді газ құбыры пайдалануға берілсе екі миллиондай отбасы көгілдір отынның қызығын көреді.

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

Бүгінде Қызылорда облысында орналасқан газ компрессорлық станциясынан 44 шақырым жерде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бойынан салынып жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде Астанаға дейін 3 облыс аумағын бойлай өтетін 1 мың шақырымнан астам магистральды газ құбыры тартылады. Құрылыс кезінде 800 уақытша жұмыс орны ашылады.

- «Сарыарқа» магистарльды газ құбырының жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Қазіргі уақытта тендер жариялауға дайындалудамыз. Бірінші кезеңінде Қызылордадан Астанаға дейін құбыр тартылып, екі автономды газ тарату станциясы салынады,-дейді бас инженердің орынбасары Азамат Ермағанбетов.

Сыр өңірінде өткен жылы пайдалануға берілген компрессорлық станция «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының өткізу қабілетін 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтты. Жаңа станция соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған.

Көгілдір отын пайдалануға берілгенде Елордадан бөлек бүгінге дейін қи мен көмірге тәуекелді болып күл шығарып әбігер болып жүрген 171 елді-мекен ауыр күндерінен құтылады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы