Үкімет • 13 Қараша, 2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

406 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Бүгін Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов осы жылдың қаңтар–қазан айларында Қазақстан экономикасы өсудің оң үрдісін сақтап отырғанын атап өтті.

«ЖІӨ өсуі есепті кезеңде 4,1% құрады. Жоғары инвестициялық белсенділік, инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында өндірістің ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторлары болды», — деді ұлттық экономика министрі.

Т. Сүлейменовтың айтуынша, инвестициялық сұраныс бір қалыпты қарқынмен өсіп келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8% өсті. Өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Өңдеу өнеркәсібінің тау-кен өндірісі өнеркәсібіне қарағанда озық өсу қарқындары есебінен өсім 4,7% құрады.

«Өңдеу өнеркәсібінің озық өсуі, негізгі өңдеу салаларында жинақталған өсу қарқындарының сақталуымен негізделеді. Бұл – машина жасау, мұнайды қайта өңдеу, химия өнеркәсібі және металлургия өнімдерін өндіру. Тау-кен өндірісі өнеркәсібі 4,6% өсті. Өсу қарқыны темір кенін, көмір және лигнит, табиғи газ, мұнай және түсті металдар өндіруді ұлғайтумен негізделген», — деп түсіндірді Т. Сүлейменов.

Құрылыс саласының серпіні 4,1% денгейінде тұрақтады.

«Өсім тұрғын үйлердің, өнеркәсіп объектілерінің құралысы, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша жұмыстардың ұлғаюына байланысты болды», — деді ұлттық экономика министрі.

Бұдан өзге, ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, экономиканың нақты секторының кеңеюмен қатар экономиканың саудалық емес саласының шығарылымы да ұлғаюда. Көрсетілетін қызметтер 4% өсті. Негізгі салым сауда (7,2%) мен көлік (4,5%)салаларына тиесілі.

Сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. 8 айда өсу 21,6% құрады. Экспорт 28,2% өсті. Бұл мұнайды, АӨК өнімдерін, мұнай газдарын, алюминийді және мыс кендерін жеткізудің артуына байланысты.

Еңбек нарығындағы жағдай бұрынғыдай жағымды болып қалуда. Осы жылдың басынан бастап 414,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Осы жылғы қаңтар–қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бағалау бойынша нақты көріністе 1,9% өсті. Жалақының өсуі және инфляциялық процесстердің бәсеңдеуінің аясында нақты ақшалай табыс осы жылғы қаңтар–тамыз айларында 3,5% өсті.

Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев 2018 жылғы қазан айында инфляция 0,4% құрағанын айтты, бұл күтілген болжамнан төмен көрсеткіш. Нәтижесінде инфляция жылдық мәнде 5,3% дейін төмендеді, бұл көрсеткіш 2017 жылғы қазанда 7,7% құраған еді. Бұл 2015 жылдан бастап жылдық инфляцияның ең төменгі көрсеткіші. Инфляцияның төменгі көрсеткіштері жыл соңында жылдық инфляцияны 5-7% дәлізінде сақтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық банк қазан айында базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25% дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Белгіленген мөлшері теңгеге және активтерге деген сұранысты арттыруға, сондай-ақ ақшалай несиелерге қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заңды және жеке тұлғалардың депозиттері 2018 жылдың 9 айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға артып, 17,6 трлн теңгені құраған.

Сонымен қатар, Д. Ақышев «7–20–25» бағдарламасын іске асыру барысы жөнінде баяндады. Бағдарлама 7 банк арқылы орындалады. 2018 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша, банктер 35 млрд тг сомасында несиеге берілген 2900 өтінімді мақұлдаған. Ұлттық банк халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді. Жақын арада «Бастана» компаниясының негізінде «Алдын-ала біліктіліктер» жобасы іске қосылады. Бұл әрбір қазақстандыққа онлайн-режимде бағдарламаға қатысу үшін өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде қаржы министрі Ә. Смайылов 2018 жылғы 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары туралы баяндады. Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің (трансферттерді есепке алмағанда) орындалуы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу қарқыны 117,5%-ті құрады, республикалық — 120,6%, жергілікті бюджеттер — 110,4%.

Шығыстар бойынша атқару жасқарған. 2017 жылдың 10 айымен салыстырғанда мемлекеттік бюджет бойынша атқарылмау сомасы 58 млрд теңгеге азайған, республикалық бюджет бойынша — 21 млрд теңгеге және жергілікті бюджеттер бойынша — 40 млрд теңгеге.

Ә. Смайылов шығыстар бойынша атқару пайыздары өткен жылмен салыстырғанда жоғары екенін айтты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2% орындалған, республикалық бюджет — 98,7%, жергілікті бюджеттер —98,3% атқарылған. Республикалық бюджет шығыстары 7788 млрд теңгені құраған. 100 млрд теңге атқарылмаған: бюджет қаражатын үнемдеу 13 млрд теңге, 87 млрд теңге игерілмеген.

Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеру мәселесін шешу үшін оларға әдістемелік, техникалық және басқа да көмектер көрсетіледі. Қаржы министрлігі орталық және жергілікті органдармен бірлесіп селекторлық кеңестер өткізеді. Осы жұмыстың нәтижесінде, бірқатар әкімшілер және жергілікті органдарда игерілмеу тәуекелі бар бағдарламалар анықталды. Қазіргі уақытта бюджет заңнамасына сәйкес игерілмеу қаупі бар бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасынан 10%-ке дейін қайта бөлу туралы әкімшілермен жұмыс жүргізілуде. Жұмыстың қортындысы 15 қарашада белгілі болады. Сонымен қатар Қаржы министрлігі осы әкімшілердің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдірді.

Ә. Смайылов IV тоқсанда бірінші кезектегі міндет ағымдағы жылдың бюджетінің теңгерімді атқарылуы болатынын айтты. Ол үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2018 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің бойынша барлық қажетті құжаттар және 2018 ж. арналған нақтыланған іске асыру үшін бюджеттік рәсімдер уақытылы қабылданады. Екіншіден, орталық және жергілікті органдар 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті орындауға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарларын осы қараша айында дейін әзірлеулері тиіс. Үшіншіден, бюджеттің барлық деңгейлеріндегі әкімшілер ағымдағы жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың бюджетінде қарастырылған қаражаттарға тиісті конкурстарды жариялауды бастауы қажет.

Қаржы министрінің баяндамасын тыңдағаннан кейін, Премьер-Министр бағдарламалар әкімгерлерінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жазалау бойынша ұсынылған шараларды қолдайтынын атап өтті. Олар бойынша бөлінген қаражат дұрыс игерілмеген. Б. Сағынтаев игерілмеген қаражаттарды алу және оларды республикалық бюджетке қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, келер жылдың бюджетінде игерілмеу мәселесі орын алған шаралар мен мақсаттарға мұқият қарау керек.

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек өз баяндамасында 2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,7%-ды құрағанын атап өтті, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 104,6%, өңдеу өнеркәсібі 105,4%. Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің оң көрсеткіші сақталды.

Кен өндіру секторында темір кенін өндіру көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында өндіріс көлемінің артуына байланысты 8,1%-ға өсті. Түсті кендер көлемі 103,8% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,2%-ға, химия өнеркәсібінде 8,5%-ға, жиһаз өндіруде 3,9%-ға, қағаз 6,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 2,1%-ға өсті.

Көлік кешені бойынша 10 айдың қорытындысында нақты көлем индексі 104,5% құрады. Ж.Қасымбек транзиттік контейнерлерді тасымалдау көлемін және Қытайға газ экспорттауды ұлғайту арқылы жылдық жоспар көрсеткішіне қол жеткізілетінін баяндады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрап, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді. 13 облыста оң серпін байқалады. Тұрғын үй құрылысы бойынша 10 айдың қорытындысында 9,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Жалпы республика бойынша 85 990 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 704 - жеке үй бар. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің ұлғайуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 14 өңірінде жалғасуда.

Жалпы, Ж. Қасымбек 2018 жылдың қорытындысында Министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша жоспарлық мәндерге қол жеткізу көзделіп отырғанын атап өтті.

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 2018 ж. 10 айының ішінде отын-энергетика кешенінің негізгі көрсеткіштері оң өсу қарқынын көрсетіп отырғанын баяндады. Мәселен, мұнай және конденсат өндіру көлемі 2017 ж. осы кезеңіне шаққанда 4,7% және а.ж. 10 айына жоспарға шаққанда 3,5% өсімді көрсетіп, 74,5 млн т болды.

«Үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру 44,3 млн т құрады, оның ішінде Қашаған кен орнында – 10,7 млн т, Теңізде – 23,4 млн т, Қарашығанақта– 10,1 млн т. Бұл орайда мұнай экспорты 59,8 млн т құрады, бұл 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,6% артық», — деді энергетика министрі.

Мұнай өңдеу көлемі 2017 жылдың осы кезеңіне шаққанда 9% және осы жылдың 10 айына жоспарға шаққанда 2,2% өсімді көрсетіп, 13,5 млн т болды. Мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 2017 ж. осы кезеңіне шаққанда 7,9% және а.ж. 10 айына жоспарға шаққанда 3,6% өсімді көрсетіп, 9,5 млн т болды.  

«Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, жанар-жағармай тапшылығы жоқ. 9 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда Аи-92 жанармайының орташа бөлшек бағасы – 155,9 тг, дизель отыны – 192,7 тг. Жанар-жағармай көлемі ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті: Аи-92 бензині қоры – 272 мың т, дизель отыны –121 мың т», — деді энергетика министрі Қ. Бозымбаев.

ҚР ЭМ мәліметтері бойынша, мұнай өнімдерін бағаның бірдей болмауының кесірінен еліміздері жанар-жағармай құю станцияларында көршілес елдермен салыстырғанда республиканың шекара маңы облыстарында транзиттік көліктің жанар-жағармайды көп тұтынуы фактілері орын алған. Мәселен, салыстыру үшін, Қазақстанда Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасы 155,9 тг/литр,Ресейде – 233,1 тг/литр, Өзбекстанда – 265,4 тг/литр, Қырғызстанда – 233 тг/литр. Қазақстанда дизель отынның бір литрінің бағасы 192,6 теңге, Ресейде, Қырғызстанда – 250,7 тг, Өзбекстанда – 207,9 тг. Қ. Бозымбаевтың айтуынша, бұл факторлар Қазақстандағы дизель отынының құнына ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отын тиеу жоспарда 394,4 мың т болса, 383,9 мың тоннаны немесе жоспардың 97,3% құрап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтініміне сәйкес дизель отынына қажеттілік толық қанағаттандырылды. 2018-2019 жж. жылу маусымында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін«Әлеуметтік-өндірістік нысандар мен мекемелерге мазут жеткізу кестесі» бекітілген, онда тоннасына 80 мың теңгеге 312 мың т көлемінде мазут жеткізу қарастырылған. Тиеу төлемге сәйкес басымдықты негізде іске асырылады.

Газ өндіру көлемі 2017 ж. қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,9% өсімді немесе а.ж. 10 айындағы жоспарға 6,2% артық көрсетіп, 45,7 млрд м3 құрады. Газ экспорты 16,8 млрд м3 құрады, бұл 2017 ж. осы кезеңімен салыстырғанда 21% артық. 2,5 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді, бұл 2017 ж. осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық.

Мұнай битумы өндірісі 772 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116% және 2018 ж. жоспарға 106% құрайды.

Электр энергиясын өндіру 87,4 млрд кВтс құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2% артық.

Сөз соңында Қ. Бозымбаев негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауына алынғанын және оған мониторинг жүргізіліп отыратынын атап өтті. IV тоқсанда отын-энергетика саласы өзінің дамуын жалғастырады.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 10 айда 102,5%-ды құрағанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығында — 101,6%, мал шаруашылығында — 103,9% атап өтті.

«Республикада астық дақылдарын жинау аяқталды. 15,1 млн га алқап жиналды (100%). Гектарына 15,1 центнер түсімділікпен 22,8 млн тонна астық бастырылды», — деді А. Евниев.

Жануарлардың негізгі түрлерінің мал басы орта есеппен 5,7%-ға және ет өндірісі — 4%-ға, сүт — 3,4%-ға өсті. Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 2,8%-ға артты.

Республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндай отырып, А. Евниев 2018 жылы республикалық бюджеттен ҚР АШМ-ге 355,7 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Есепті кезеңде (01.11.2018 ж.) жоспар бойынша 309,6 млрд теңгені игеру қажет болатын. Оның 306,6 млрд теңгесі немесе жоспардың 99%-ы нақты игерілді.

«Өнеркәсіптің НКӨ», «Халықтың нақты ақшалай кірістері» жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бірқатар облыстың басшылары — Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов, Алматы әкімі Б. Байбек, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов баяндады.