Президент • 14 Қараша, 2018

Өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назар­баев Ауған­стан Респуб­ли­ка­сының бұрын­ғы пре­зиденті Хамид Карзай­мен кездесті.

Өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Ас­тана клубы­ның отырысы аяқ­тал­ғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы пре­зиденті Хамид Карзаймен кез­десті.
Әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ауған еліндегі қақ­ты­ғыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.