Қазақстан • 15 Қараша, 2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған және Сәтбаев қалаларының орта тұсына ірі супермаркет салмақшы. Жоба құны  – 2 миллиард теңге. Мұнда бағасы төмен тауарлар сатылатын болады. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев мәлімдеді.

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

– Аймақтың ішкі азық-түлік нарығын зерттеген соң, біз қаражатымызды жұмыскерлеріміздің басым бөлігі мекендейтін екі қала – Жезқазған мен Сәтбаевтың ортасынан «Ұлы дала» атты жаңа ірі супермаркет салуға жұмсауды ұйғардық. Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда азық-түлік тауарларының бағасы еңбекақы көлемінің ұлғаюынан асып бара жатқаны байқалады, сондықтан біздің супермаркетте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны төмен болады, – деді ол.

Ірі сауда нысаны биылғы жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарланған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы