ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауыр, Сайқан тауларының баурайындағы, шекара шебіндегі Зайсан қаласында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Аудан күні шеңберінде «Атадан мұра құт мекен – Атамекен нұр Зайсан» тақырыбымен өткен мәдени шаралар 8 қарашада аймақтық күй сайысы, белгілі әнші Дәлел Уәшев секілді осы өңірден шыққан өнерпаздар қатысқан Гала-концерттен басталып, 9 қарашада ғылыми-конференциямен, қолбасшы қаракерей Қабанбайдың сенімді серігі, шеп бұзар батыры болған Баймұрат Бәйімбетұлының еңселі ескерткішінің ашылуымен, облыстық ақындар айтысымен түйінделді.

Егемен Қазақстан
16.11.2018 5101
2

«Батыры бар қала болады»

Заманында Найман ішіндегі Төртуыл руының ұранына айналған Баймұрат батырдың Зайсан қаласына кіре берістегі Нарқызыл тұлпарына мінген, қоладан құйылған, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 10 метр болатын, салмағы 7 жарым тоннаға жуықтайтын ескерткіші «ұрпақтарым, бабаларың шетінен батыр болған. Еңселеріңді тік ұстаңдар. Жер – сендердікі, ел - сендердікі» дегендей қасқайып-ақ тұр. Ұрпаққа рух беретін, бүгінгі буынға аманат жүктейтін туындыны бұған дейін облыста Құнанбай, ұлы Абай ескерткіштері мен Мұхтар Әуезов, Тұрсынхан Әбдірахманова бюсттерін кейіптеген семейлік талантты, жас мүсінші Нұрбол Қалиев бір жыл көлемінде жасап шығыпты.

Аудан әкімі Темірбек Қасымжанов қырық миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған ескерткіштің бой көтеруіне Зайсанның сыртта, ел ішінде жүрген барша азаматтары айрықша үлес қосқанын атап өтіп, алғысын жеткізді. «Біле білсек, ескерткіш дегеніңіз - үлкен идеология. Келмеске кеткен кешегі қызыл империя не үшін қаптатып ескерткіш соқты?! Бүкіл Қазақстанда Лениннің мыңдаған, Калининнің жүздеген ескерткіштері тұрды. Міне, бүгін Тәуелсіздіктің арқасында әр қалада батырларымызға ескерткіш орнатып жатырмыз. Бұдан кейін Зайсан басқа қала болады. Ескерткіші бар, батыры бар қала болады. Кім көрінген басынбайтын қала болады. Баймұрат батыр қақпада жайдан жай тұрған жоқ. Халықтың рухын, елдің еңсесін көтереді», - деді торқалы тойға Алатау баурайынан арнайы келген Қазақстанның Халық жазушысы, батырдың ұрпағы Қабдеш Жұмаділов. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет те ескерткіш басында сөз алып:

Жесірлерге жер берген,

 Жетімдерге жем берген.

Аса жұртын меңгерген,

Ұсынғанда қол берген,

Қысылғанда дем берген батыр Баймұрат бабамыз араға қаншама жылдар салып ұрпағына ескерткіш болып қайта оралды. Бұдан үлкен қуаныш бар ма?» дей келе: 

Мен – Төртуылдың ұраны Баймұратпын,

Төбесінен дұшпанның жай құлаттым.

Сауыр-Сайқан, Алтай мен Қара Ертісті,

Запы қылған зұлымды зар жылаттым.

Бауырға алып баурайын Барқытбелдің,

Арманымды ақ бұлтқа артып келдім.

«Ұраным!» деп ұрпағым ұмсынған соң,

Нарқызылға міндім де тартып бердім, - деп  құттықтауының соңын жыр жолдарымен түйіндеді.

Ал «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін  белгілі ақын Алмас Ахметбекұлы:

Ассалаумағалейкүм, батыр ата!

Жеттің бе мекеніңе ақыры, ата?!.

Бүгін бір «Баймұрат!» деп ұрандайын,

Сауырдың көк жартасын қақырата.

Баймұрат! Баймұрат! Баймұрат! – деп ұрандата жыр оқыды.

«Айрылдық балпаң басқан батырлардан, айрылдық аузынан уыз төгілген жомарт байдан»

Ескерткіштің ашылуының алдында аудандық Мәдениет үйінде өткен ғылыми конференцияда қазақтың батырлары жайындағы құнды мағлұматтарды жұрт тұщына тыңдады. Әсіресе қазақ жылқысының тарихын індете зерттеп жүрген ғалым, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры Ахмет Тоқтабайдың шағын баяндамасын ерекше атап өтуге болады. Этнограф өз сөзінде қазақ батырларының рөлі Еуропадағы рыцарлармен, жапон қоғамындағы самурайлармен пара-пар болғанына тоқталып, 1750 жылдары Ресей армиясы бас штабының жазған мәліметін оқып берді. Онда: «Қырғыз-қазақтар жалпы бейбіт, момақан халық. Бірақ солардың ішінде батырлар деген бунтар, содыр, сотқар адамдар бар. Соларға ілескен халық Ресейдің заңдарын елемей кетеді. Бізге қарсы шығады. Сондықтан батырларды тұқыртып отыру керек» деп жазылған екен. «Ресей империясы сол мақсатына жетті. Неге десеңіздер, батырларымызды ату, асу, түрмеге қамау, Сібірге айдау сол замандардан басталды. Қызыл империя мұны ары қарай жалғастырып, батырлардан бастап, қазақтың бетке шығарларын түбірімен құртты. Сорлы, жалтақ, қорқақ күйге түскеніміз осыдан. «Айрылдық балпаң басқан батырлардан, айрылдық аузынан уыз төгілген жомарт байдан» деп жазғаны бар Мағжан ақынның. Баймұрат батырды не үшін ұлықтауымыз керек? Шекарадағы қазақтың рухын ояту үшін керек. Қазақтың рухы оянса, барлығы орнына келеді», - деді А.Тоқтабай.

Ғалым сонымен қатар биыл жазда Моңғолияда экспедициямен барғанда сондағы әріптестерінен Абылай ханның Жоңғар қоңтайшысы Галдан Цереннің тұтқынына түскен шақтағы болған жерін естіп, білгенін сүйіншілей жеткізді. «Бұл жер Баян Өлгейден 300 шақырым қашықтықта. Бірақ таба алмай қайттық. Себебі, мұны білетін, көрсететін моңғолдың шалы Ұлан Батырға кетіп қалыпты. Дегенмен алғашқы қадам жасалды. Келешекте 1741 жылы Абылай хан тұтқында болған жұртты табамыз ғой деп ойлаймын», - деген этнограф осы сапарында қазақтың даңқты батырларына қатысты деректерді де жинап қайтқанын айтты. Ахмет Тоқтабай Моңғолиядағы жоңғардан қалған зағшын, дүрбіт, торғауыт тайпаларының ақсақалдарымен сөйлескенде олардың арасында Қабанбай батыр есімі көбірек айтылатынына, қолбасшының мейірімділігі, қалмақтың тұтқындарына бостандық бергені, әсіресе тұтқынға түскен адамдарды жәбірлемегені жиі тілге тиек етілетінін байқапты. Жалпы, қабан деген сөз моңғол тілінде бас қолбасшы деген ұғымды білдіреді екен. «Жалпы, тарихи қайраткерге екінші атауды басқа халық береді. Осындай фактілер маңызды. Ежелгі жауларымыздың берген бағаларын да есепке алуымыз керек», - дейді тарихшы.

«Дарабозда» жазылған Дарабоздардың бірі еді

Екі күнге созылған шаралар легі облыстық ақындар айтысымен қорытындыланды. Белгілі айтыскер ақын Серік Құсанбаев жүргізген, жазушы Әлібек Қаңтарбаев төрағалық еткен айтыстың өзгешелігі, ақындар алдын ала жұпталмай, қарсыластарын сахнада, ел алдында таңдады. Бұл кейбір ақындардың оң жамбасына келсе, кейбір ақындардың ойын тұсаулап, ашылып айтысуына мүмкіндік бермегендей көрінді. Десек те, балуанға оң мен солың бір емес пе? Аудандық Мәдениет үйіндегі алты сағатқа созылған сөз сайысында кімнің қалай айтысқанын, тартысқанын айтсақ ұзаққа кетерміз. Бір ғана нәрсе, залдағы ат төбеліндей көрерменнің де (алдын ала дұрыс хабарланбаған ба? Халық аз жиналды), қазылар алқасының да көңілінен шыққан айтыстың үлгісін зайсандық ақын Ардабек Ақбаба көрсете білді. «Әміре қай әнді болса да өзінше кестелеп, қошқар мүйіз салып, үкі, маржан тағып алады» деп ұлы Мұхаң айтқандай, Ардабектің де әр шумақтарына қошқар мүйіз салып, үкі, маржан тағып алатынын аңғарғандай болдық. «Республикалық айтыстарға қысылмай қосуға болатын бала екен!» деп іштей тамсанып отырды залдағы жұрт.

Елдің шапалағынан шабыт алған ақын:

Баймұрат деген кім еді?

Артында ұлыс, ұлы елі.

Астында ардакүреңі,

Алшаңдай басып жүреді,

Аптықпай жауға кіреді

Иісі қазақ үшін ол,

Именбай басын иеді

«Дарабозда» жазылған

 Дарабоздардың бірі еді.

Жұрты үшін жылап жүрегі

Ұлты үшін туған ұл еді, - деп Баймұраттың батырлығын жырға қосса, ақтық сындағы Жұлдызай Маратбекқызымен сөз қағысында:

Биіктікті қарғам көріп кет,

Қыраны құлап заңғардан,

Арқары ауып аңғардан.

Қойнауы толы кен болған,

Жайлауы толы аң болған.

Бір уыс топырағы тән жазған,

Бір жұтым суынан ем қонған.

Бесіктегі ұлы ел қорған,

Есіктегі құлы хан болған.

Ақындықты да қарғам көріп кет,

Мәукенұлынан мән қалған,

Салықбайқызынан сән қалған,

Балшабековтен ән қалған,

Сауыр мен Сайқан таулардан.

Уыз жырға қанып кет,

Уыстап өлең алып кет.

Ұлық боп тұрған ұлтына

Ұлықбек туған ауданнан, - деп туған жері – Зайсанның қасиеті мен жақсы-жайсаңдарын өлеңіне арқау етті.

Сонымен, бұл сөз сайысында көркем жырдан кесте тіккен Ардабек ақын бас жүлде – 1 миллион теңгені иеленді. Ақтық сында Ардабекпен сахнаға шыққан С.Аманжолов атындағы университеттің 3-курс студенті Жұлдызай Маратбекова 1 орынды олжаласа, екі екінші орын - көкпектілік Фархат Маратұлы мен Ерейментаудан келген Ерлан Дәулетұлына, екі үшінші орын – үржарлық Серікбек Туғанов пен тағы бір зайсандық ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің магистранты Нәрия Ақбабақызына бұйырды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы

Суреттерді түсірген Марат САЛБАНОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Қазақстанның футболшылары 6-топта өнер көрсетеді

12.12.2018

Сабина Бақатова Минскіде күміс медаль алды

12.12.2018

Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

12.12.2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

12.12.2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12.12.2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

12.12.2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

12.12.2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу