Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Несиеге тәуелділік заңмен реттеледі
Экономика • Бүгін, 12:46
Медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесі бекітіледі
Медицина • Бүгін, 12:30
Дәрігерлерге жаңа награда беріледі
Медицина • Бүгін, 11:52
Су тасқыны: 21 494 адам үйіне оралды
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Алматы облысында зиянкестерді жою жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Аймақтар • Бүгін, 10:20