Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

«Бастау» жобасының тыңдаушыларына көшедегі сауданы ұйымдастыру үйретілді.

Егемен Қазақстан
21.11.2018 4692
2

«Көше саудасына арналған 250 орын» жобасына дайын бизнес-жоспары бар, салық қарыздары жоқ кәсібін жаңадан ашқан немесе жұмыс істеп тұрған кез-келген кәсіпкер қатыса алады. Бұл туралы бір айлық «Бастау» кәсіпкерлік оқытуларының тыңдаушыларына «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ өкілдері айтып түсіндірді.

«Жобаның ерекшелігі сол –кәсіпкерлер өз өнімдерін делдалдарсыз, тікелей сатуға шығара алады. Негізгі басымдық жергілікті ауылшаруашылық өнімдеріне беріледі.Бір жағынан, қала тұрғындары алысқа бармай-ақ, сапалы өнімдерді арзан бағаға сатып алады, екінші жағынан кәсіпкерлер өздері тұратын ауданнан жұмыс орнынқұруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, шаштараз қызметі мен тігін шеберханасынашуға болады. Егер бір жерді алуға 4 өтінім түссе, оны комиссияның қарауына береді, ал одан көп болса, жер телімі аукционға шығарылады»,-дейді«Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ маманы Александра Қалдығұлова.

Жер телімін бөлуде павильондардың сыртқы көрінісі мен оның қала сәулетіне және заманауи талаптарға сәйкестігі ескеріледі. Сауда орындарының 7 жыл мерзімге жалға беріледі, сондықтанкәсіпкерлердің жұмсаған шығындары толық өтелуі тиіс. Жалға беру құны сауда нүктелерінің әкімшілік шығындарына ғана жұмсалады, яғни айтарлықтай көп емес.

Бұл бастаманы алғаш рет «Атамекен» ҰКП көтеріп, пилоттық режимде Астана қаласында өткізді. Жоба тиімді жүзеге асырылған соң, барлық облыстарға, оның ішінде Ақтөбеге де таратылды. Кәсіпкерлер палатасы бизнес ортаға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2017-2020 жылдар аралығында жоба бойынша 250 жер телімі беріледі. «Бастаулықтарды» құжаттардың аздығы мен жалға беру мерзімінің ұзақтығы қызықтырды.

Басқосуға  қатысқан Мемлекеттік кіріс департаментінің маманы Жеке кәсіпкерлік пен ЖШС ретінде тіркелудің шарттары туралы айтып, «Бастау» тыңдаушыларының салық төлеу, есеп беру және онлайн-кассалық аппараттарды қолдану туралы сұрақтарына жауап берді.

Мамандармен кездесу Ақтөбедегі «Бастау» жобасының тыңдаушыларына арнайы өткізілді. Айлық оқу курсы осы аптаның соңында аяқталады. 26 қараша күні олар өз бизнес-жоспарларын қорғайды.

Бүгінгі күні облыстағы 12 аудан бойынша 1 902 адам тегін оқытудан өтті. Олардың 508-і өз бизнес идеяларын сәтті қорғап шықты. Үш жүзден аса ауыл тұрғыны 803 млн теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды. Жыл соңына дейін барлығы 2 231 адамды оқыту жоспарланып отыр.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу