Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында «Түркі киносы – даму бағыты» атты түркі киносын әлемге танымал етудің жолдарын әңгіме арқауы етіп, талдаған дөңгелек үстел болып өтті.

Егемен Қазақстан
21.11.2018 2419
2

Іс-шараға  Түркі киносын дүниежүзіне таныту қауымдастығының төрағасы, түркімен кинорежиссері, сценарист және оператор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркімен Республикасының халық артісі Ходжакули Нарлиев, Түркі әлемі журналистері федерациясының президенті Мендерес Демир, «Хабар» агенттігі АҚ «Ел арна» арнасының директоры  Арман Сейтмамыт, «Хабар» агенттігінің бас редакторы  Күлімхан Хасенова,  Тәжікстан Кинематографистер одағының төрағасы  Сафар  Хакдодов, кинорежиссер және сценарист  Али  Хамраев,  режиссер, актер, сценарист, продюсер  Октай Мир-Касимов, Шәкен Айманов кинофестивалінің бас директоры Ермек Тұрсынов және халықаралық кинофестивальдердің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді продюсер, NETPAK мүшесі, әлемдік түркі киносы қауымдастығының атқарушы комитетінің мүшесі Канат Төребай жүргізді.

Кездесуді Шәкен Айманов кинофестивалінің бас директоры Ермек Тұрсынов ашып, жиналған қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі. Ал Түркі киносын дүниежүзіне таныту қауымдастығының төрағасы Ходжакули Нарлиев қазіргі замандағы түркі елдерінің кинематографының жағдайы туралы сөз қозғап, оны әлемге тарату жолында қандай қиындықтардың кездесетіні туралы айтып кетті. Түркі әлемі журналистері федерациясының президенті Мендерес Демир кинематография саласында ынтымақтастықты дамыту үшін ең басты кедергі ортақ тілдің жоқтығына тоқталды.

Сонымен бірге, «Хабар агенттігі» АҚ «Ел арна» арнасының директоры  Арман Сейтмамыт Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің эфирге шығатын фильмдерінің жағдайы мен болашағы туралы әңгімелей отырып, қазақ телеарналары түркі елдерінің киносын көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

«Біздің қауымдастық түркі әлемінің киносын дүниежүзіне тарату бойынша көп жұмыс атқарып отыр. Біз ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз және түркі киносын әлемдік деңгейге шығарғымыз келеді. Сондықтан да біз бүгінгі кездесуге қазақ телеарнасының қатысып отырғанына өте қуаныштымыз. Ортақ келісімге келеміз деп сенемін», - деді Ходжакули Нарлиев.

«Ел арна» тек қазақ киносын көрсетеді, бірақ биылғы жылдың күзінен бастап біз Орталық Азияның үздік киноларын көрсете бастадық. Тәжікістанмен тез келісімге келдік, қазір арнамыздан олардың киносын көрсетіп жатырмыз. Енді бізге басқа да түркі әлемі елдерімен ынтымақтастық орнату қажет. Біз бірігіп жұмыс істеуге және түркі әлемі елдерінің киносын қазақ телеарнасында көрсетуге дайынбыз», - деді Арман Сейтмамыт.

Кездесу соңында Шәкен Айманов кинофестивалі мен халықаралық кинофестивальдердің өкілдері, «Үміт» ТМД елдеріндегі жастар кино форумы, «Халықаралық Азия кинофестивалі», «Дидор» халықаралық кинофестивалі, «Халықаралық Қазан мұсылман кинофестивалі» және «Түркі елдерінің деректі фильмдер фестивалі» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу