Медицина • 22 Қараша, 2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі денсаулық акциясында қала тұрғындары терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр, офтальмолог және жалпы практика дәрігерлерінен тегін медициналық кеңес алды. 

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

Ақ халаттылардың көмегіне жү­гінген 200-ге жуық қала халқының 169-ы кіші лабороториялық тек­серуден өтті. Қалалық денсаулық сақ­тау басқармасының Біз саламат­ты өмір салты үшін ұраны­­мен ұйым­­дастырған акциясында Шым­кент жо­ғары медицина кол­леджінің студенттері әртүрлі жағ­дайларда ал­ғашқы медициналық кө­мек көрсету бойынша шеберлік са­бағын өткізді. Болашақ дәрігерлер жү­рек-өкпе реанимациясын дұ­рыс жүргізуге үйретіп, зардап шегу­ші­лерге қандай көмек беру керектігін көрсетті.

Сондай-ақ аталған акция ба­ры­сында қала тұрғындарына те­гін кепіл­дендірілген міндетті әлеу­­­мет­­­­тік медициналық сақтан­ды­­ру бойынша көрсетілетін меди­ци­­на­лық көмектің түрлері және ме­­ди­циналық сақтандыруды ен­ді­рудің маңыздылығы туралы «Мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру» қорының өкілдері түсін­діру жұмыстарын жүргізді.

«Әрбір адамның назарын сала­мат­ты өмір салтын ұстануды қалып­тастыруға, халықты өз денсаулығын сақтауға шақырған шара алдағы уақытта да жалғасын табады», дейді сала мамандары.  

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

ШЫМКЕНТ