24 Қараша, 2018

Павлодарда аппараттық жиындар онлайн режимде өтеді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында облыс әкімі Болат Бақауов  облыстық әкімдікте өткен жиын барысында мәлім етті.


Павлодарда аппараттық жиындар онлайн режимде өтеді

Суретті түсірген: Ольга Бугаева

- Аппараттық жиындар онлайн режимде өтуі үшін коммуникация тарту керек, - деді Б. Бақауов. – Үкімет отырысындағы тәрізді  кез келген адам сайтқа кіріп қарай алатындай жағдай жасау қажет. Жиында жұртшылық БАҚ өкілдері жариялаған, таратқан, көрсететін хабаралар арқылы ғана емес, онлайн режимі арқылы атқарылып жатқан істерден уақытылы хабардар болуы қажеттігі айтылды.

Облыс әкімдігі өтетін ашық отырыстар мен жиындарды интернет ресурстарда онлайн түрде көрсету-кез-келген өңір тұрғыны мемлекеттік органның сайтына кіріп, көру алуы үшін қажет.

Егер халық  әкімдіктердің атқарып  жұмыстарынан хабардар болса,  мәселелер де азаяды, сұрақтар да шешімін табады. Онлайн  жүйесі тұрғындар сұрақтарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, жыл бойындағы есептік кезеңдегі көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі туындайды. Әрі интернетті пайдаланушылар  әкімдікте өтетін жиын барысында көтерілген мәселелерді күнделікті көріп, біліп отырады.

Сонымен бірге,онлайн жүйесінде  тұрғындар әкімдіктің басқарма  басшыларының есебін де тыңдауға мүмкіндік алады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР