Әлеуметтік салаға қолдау көрсетудегі тұрақты даму басымдықтары талқыланды

Бүгінде әлем бойынша бизнес саласының әлеуметтік салаға қолдау көрсету қадамдары барынша негізгі басымдықтар ретінде мемлекеттегі қолдауға зәру салаларды дамытуға бағытталған. 

Егемен Қазақстан
24.11.2018 19786
2

Осы орайда 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрақты даму мақсаттарын қабылдады. Бұл мақсаттар кәсіпорындарды тұрақты даму мәселелерін шешуде шығармашылық әдістер мен инновацияларды қолдануға шақырады. Тұрақты даму мақсаттары бизнеске ең күрделі мәселелермен күресуге арналған шешімдер мен технологияларды әзірлеп енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамның дамуына арналған жаһандық күн тәртібін қалыптастыра отырып, бизнесті ілгері жылжытуға  мүмкіндік береді. 

 «Филип Моррис Қазақстан»  компаниясында ұйымдастырылған Тұрақты даму күні аясында Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының хатшысы Роза  Абилова бизнес және әлеуметтік саладағы ықпалдастық заманауи сипат алып келетіндігін жеткізді.

Бүгінде Іле ауданы облыс бойынша ірі салық түсіруші өңірдің бірі болып саналады. Қазынаға жылына түсетін салық көлемі 108 млрд теңгені құрайды. Оның 87 млрд теңгесі жалпы қазынаға түседі. Осының арқасында Іле ауданы маңындағы аймақтардың дамуына да қолайлы жағдайлар туып отыр. Салық төлемдерінің 90 пайызы  «Филип Моррис Қазақстан»  және JPI компанияларына тиесілі. Алматы облысы бойынша Іле ауданы бірінші болып компаниялармен өзара ықпалдастық келісім шартына қол қойды. Мемлекет басшысының копоративтік әлеуметтік жауапкершілікке орай тапсырмасына сәйкес «Филип Моррис Қазақстан»  компаниясымен 2002 жылы әлеуметтік әріптестік келісім шартына қол қойылды. 16 жылға жуық ішінде Іле ауданы осы негізде 100-ден аса әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Ресми емес деректер бойынша, аудан халқы 250 мың адам дейтін болсақ, оның 20 пайызы әлеуметтік жобалардың қатысушы болып табылады. Бүгінде ауданда 250 кәсіпорын бар.  Мұнда ауылшаруашылығы дақылдарын өндірумен қатар, медициналық бұйымдар шығаратын өндірістер де дамып келеді. Ал бизнеске қолайлы орта туғызуда «Даму» логистикалық орталығының, «Береке» индустриялық аймағының маңызы зор.

 «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы Тұрақты даму жөніндегі директоры Мигель Колета аталған компанияның өндіріс пен темекі өнімдерінің қоршаған ортаға тиетін әсерін барынша төмендету бойынша халық тұтынатын тауарларды өндіретін компаниялар арасындағы көшбасшылардың бірі екендігін атай келе, қазіргі кезде жаңа технологиялық мүмкіндіктерге орай адам ағзасына зиянсыз өнімдер өндірудің дамып келе жатқандығын атап өтті.

Тұрақты даму күні аясында EY компаниясының Орта Азия, Кавказ, Украина мен Беларусь елдері бойынша тұрақты даму саласындағы қызметтер бөлімінің директоры Виктор Коваленко, Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Татьяна Зинович Тұрақты даму мақсаттарының  әлеуметтік саладағы үлесі мен ықпалы турасындағы даму жоспарларымен таныстырды. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде қоршаған ортаны, адам құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мәселелері, жауапкершілікпен жабдықтау қағидалары және планета ресурстарын сақтауға және теңдік пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мәселелер талқыланды. Адамзат денсаулығы, салауатты өмір салтын ұстану,  тұтыну мен өндіріс, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерді төмендетуге байланысты ауқымды жобалар туралы баяндалды.  Өткен жылы фабрика дизель отынын табысты алмастырған орталықтандырылған табиғи газ желісіне қосылып, нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қол жеткізілді. 2013 жылмен салыстырғанда көміртегі 43%-ға азайған. Қалдықтарды өңдеуде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп, фабрика қалдығының 88,6 пайызы  қайта өңдеуге жіберілген.

Лайықты жұмыс пен экономикалық өсімде компания бағдарламалары адам мен еңбек құқықтарын сақтауға бағытталған. Ауылдық жерлерде тұратын халықтың білім алуын қолдау мен экономикалық өсуіне тиісті жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік жобаларға айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Бұл мақсаттарға 2017 жылы компания 192 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ компания өз қызметкерлерінің көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Компанияның корпоративтік волонтерлік жобалары ҰОС ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге және экологияны қорғауға бағытталған.  Тұрақты даму мақсаттары экономика және бизнестің дамуына кедергі жасайтын, осы мәселені шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес серіктестермен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді мақсат етеді.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу