Спорт • 28 Қараша, 2018

Ақтауда Шотан батыр атындағы дзюдо турнирі аяқталды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда халық батыры Шотан Назарұлы атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы IV-ші республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысы дзюдо федерациясы мен «Шотан батыр» қоғамдық қоры ұйымдастырған сайысқа 2002-2003 жылы туылған  спортшы ұл-қыздар қатысты.

Ақтауда Шотан батыр атындағы дзюдо турнирі аяқталды

Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған спорт шарасына еліміздің Астана, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы палуандарымен бірге, биыл тұңғыш рет шетелден, яғни Өзбекстан республиасынан спортшылар қатысты.

Екі күнге созылған сайыста мықтылар анықталып, олар арнайы медалдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

- Сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайыстың ұйымдастырылуына Астанадан және Өзбекстан елінен келген жаттықтырушылар жоғары баға беруде. Өзбекстаннан өзге де мемлекеттер қызығушылық танытуда, сондықтан бұл жақсылықтың бастамасы деп ойлаймын, келесі жылы турниріміз респуликалық емес, халықаралық деңгейде өтуі әбден мүмкін.  Ел басына күн туған аласапыран кезеңде атқа қонып, ел қорғаған Шотан Назарұлының ерлігі, елжандылығы ұрпақ бойына сіңіп, жас ұрпақ елін сүйген мейірбан, елін қорғар шымыр болып өссе дейміз, сондай-ақ сайыстың өткізілуіне қолдау көрсеткен барша қолдаушы, демеушілерге ризашылық білдіремін, дейді «Шотан батыр» қоғамдық қорының директоры Әлібек Адамбергенұлы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы